USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Елдің қамын ойлаған экологиясын түзейді

Елдің қамын ойлаған экологиясын түзейді Облысымызға жұмыс сапарымен Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан ҚАППАРОВ бастаған үкіметтік делегация келді. Ведомство басшысы іссапар аясында экологиялық ахуалы күрделі өңірдің бірнеше өндірістік және әлеуметтік нысандарында болып, олар-дағы экологиялық бағдарламалардың іске асу барысына қанықты. Сенбі күні Нұрлан ҚАППАРОВ Өскемен қаласындағы «Қазцинк» кәсіпорнына барып, «Хальдор Топсе» газ тазартқыш қондырғысының және «Жаңа металлургия» жобасы нысандарының жұмысымен жіті танысты. Күкіртқышқыл цехында және Мыс зауытында болды. Даниялық «Хальдор Топсе» қондырғысын орнатудың нәтижесінде бұрынғы жылдарға қарағанда ауаға шығарылатын диоксид көлемі анағұрлым кеміген.

«Қазцинк» бұл үрдісте де қарыштап келеді

Кәсіпорын экологияны қор-ғауға қыруар қаржы қарасты-рады. Заманауи технологиялар өндіріс орнындағы зиянды қал-дықтардың мөлшерін бірнеше есеге азайтуға мүмкіндік беріпті.

«Жаңа металлургия» жобасы-ның мақсаты мыс пен мырыш балқыту зауытын салу болған-ды. Сол арқылы металлургиялық кешен жылына 70 мың тонна көлемiнде катодты мыс пен мырыш өндiруге қол жеткiзіп отыр. Жоба күкiрт диоксидiнiң таралуын азайта отырып, өндiрiстiң экологиялық қауiпсiздiгiн күшей-туге және отынның қымбат түрi –кокс шығынын төмендетуге жол ашқан.

Министрдің айтуынша, оның бұл сапары өңірмен танысуды мақсат етеді. Дегенмен, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі еліміздің экологиялық жағдайы күрделі үш өңірін таңдап алып, солармен жұмыс істеуді басым бағыт етіп отыр. Олар – Алматы аймағы, Каспий жағасының аумағы және Шығыс Қазақстан.

– «Қазцинк» кәсіпорнымен танысу маған жақсы әсер қалдырды, – деді Нұрлан Жамбылұлы. – Олар қоршаған ортаны қорғау бағытында ауқымды шаралар атқарып отыр, сол жұмыстардың нәтижелері бізді, яғни, экологиялық ведомствоны толық қанағаттандыруда. Өндіріс орны шығарындылар көлемін азайту ісімен жүйелі түрде шұғылданып келеді, сол себепті жұмыстарының жемісі де анық байқалып тұр.

Бұдан соң еліміздің бас экологы Үлбі металлургиялық зауытында болды. Мәртебелі қонақ кәсіпорындағы жаңа өндіріс орны – сыйымдылығы жоғары конденсаторлы тантал ұнтақтарын шығаратын цехтың жұмысымен танысты. Нұрлан Жамбылұлы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген және жоғары деңгейде автоматтандырылған қазіргі заманғы цехтың өндірістік желілеріне аса қызығушылық танытты.
– Тантал ұнтақтарын өндіру-дің технологиясы мені ерекше таңғалдырды, – деп атап өтті ол осы ретте.

Министр ат басын тіреген келесі нысан былтыр тамыз айында ашылған Экологиялық қауіпсіздік орталығы болды. Бұл жерге облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ та келді.

Елдің қамын ойлаған экологиясын түзейдіОрталық мамандары ведомство басшысына өз жұмыстары туралы жан-жақты айтып берді. Бұл құрылым өндіріс орындарының бірінің қаржысына салыныпты. Қазіргі кезде Өскеменнің әртүрлі аудандарында он шақты газсаралауыш құрылғы қойылған, олар ауадағы, судағы, топырақтағы улы, зиянды заттардың мөлшері туралы мәліметтерді жинап, осы орталықтағы компьютерге тікелей жіберіп отырады. Бұл жүйе тұрақты әрі толыққанды жұмыс істеуде, мәліметтер әр 20 минут сайын жаңартылып тұрады. Тіпті сол ақпаратты он-лайн режимінде Интернет желісі арқылы тарататын бағдарлама да бар. Яғни, оны кез келген адамның алуына болады. Бірақ аталмыш жүйе елімізде әлі лицензиядан өтпепті, сондықтан ол мәліметтерге ресми түрде сүйенуге тағы келмейді.

Осыған орай Орталық мамандары министрден Өскеменнің атмосфералық ауасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін дамытуға және дәл осындай жүй-ені облыстың барлық қалаларына ендіруге қаржылай қолдау білдіруді өтінді.

Орталықтың жұмысымен тыңғылықты танысқан Нұрлан Жам-былұлы бүгінгі таңда осындай жүйені бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жобасы әзірленіп жатқанын мәлім етті. Министрлікке осыған байланысты түсіп жатқан ұсыныс-тар да өте көп екен. Егер орталық мамандары Өскемендегі жүйенің сапалы әрі тиімді екенін дәлелдесе, бұл тәжірибе еліміздің басқа өңірлеріне де таратылатын болады.

– Экологиялық қауіпсіздік орталығының жұмысы менің кө-ңілімнен шығып отыр. Бұл – Қазақстандағы алғашқы тәжірибе және аталған бастаманы облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ көтеріп отыр екен. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өзі осы бағыттағы жұмыстарды қолға алған жоқ, әрине, бұл біздің жіберген кемшілігіміз. Қазір біз мұндай жобаны бүкіл еліміз бойынша ендіруді көздеп отырмыз, осы орайда өскемендік тәжірибе де ескеріле-тін болады. Ең бастысы, біз осы жүйе арқылы алынған мәліметтер-ді бүкіл елге ашық жариялауымыз керек. Халық экологиялық жағдай, атмосферадағы зиянды заттардың мөлшері туралы мағлұ-маттарға еркін қол жеткізе алуы тиіс. Біздің тұрғындар көбінесе мәселені дабырайтуға әуес, ал бұл жүйе нақты жағдайды көрсетуге мүмкіндік береді, – деді министр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде