http://img.ntv.ru/home/news/20120308/japan.jpgЖерасты дүмпулердің ошағы айтарлықтай үлкен тереңдікте болған жоқ - 26 шақырым. Жер сілкінісінің эпицентрі Хатинохе қаласынан 292 шақырым жерде орналасқан.
Жапонияның метеорологиялық қызметі Ивате және Аомори жағалауында күтіліп отырған цунами қаупін жариялады. Қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
Жапониядағы кезекті күшті жер сілкінісі 2011 жылдың 11 наурызында болған қасіретті күннің құрбандарын еске алудан бірнеше күн өтпей жатып орын алғанын айта кету керек. Сол кезде күшті жерасты дүмпулері мен оған ұласқан цунамидің салдарынан 19 мыңға жуық адам қаза тапты немесе хабар-ошарсыз жоғалып кетті деп есептелуде. Кейбір елді мекендер жойылып, елдің ірі қалалары электрден ажырап қалды, көліктік инфрақұрылым қиратылды.
Жер сілкінісі салдарынан «Фукусима-1» АЭС-ында апат болып, ауаға радиация көптеп шығарылды. Бірнеше жарылыс электр стансасының көп бөлігін қиратып тастады. Ел билігі жақын жерде орналасқан елді мекендердің тұрғындарын көшіре бастады. 16 млн. астам жапондықтар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Ғалымдардың бағалауынша, осындай жер сілкіністері Жапонияда 600 жылда бір рет болады. Апат салдары әлі күнге дейін жойылған жоқ.
Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат