USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бірыңғай тестілеудің биылғы ерекшеліктері қандай?

Бірыңғай тестілеудің биылғы ерекшеліктері қандай?Қазақстанның білім саласына жаңалық болып енгеніне тоғыз жыл болған ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) жайында көпшіліктің пікірі әр алуан. Оның мектеп бітіруші түлектерге және олардың психологиясына тиімді-тиімсіз екендігі мамандар тарапынан зерттеліп-зерделеніп, жыл өткен сайын қоғамдық сипат алуда.

Бастауын Еуропадағы дамы-ған мемлекеттерден алатын бұл сынақтың біздің көзқарасымызға күрделі тұстары да жоқ емес. Сондықтан еліміздегі ҰБТ мә-селесін біржақты шешіп тастадық деп айтуға әлі де болса, ертерек секілді.
Олай деуімізге жыл сайын оқу маусымы аяқтала салысымен өткізілетін осы бір сынақ кезінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектеп бітіруші түлектер мен олардың ұстаздары, ата-аналары мен туыс-туғандары алашап-қын болып, әбігерге түсіп кеп жатқаны. Бірінің баласы «Алтын белгіге» ілінбей қалса, енді бірінікі қажетті балл ала алмай, тағы біреулері мүлдем сынаққа кірмей қалған секілді оқиғалар жылда қайталанады.
Осындай олқылықтардың алдын алу, аталмыш сынаққа жан-жақты дайындалу, ел арасында ҰБТ маңыздылығы мен бүгінгі қоғамға қажеттілігін түсіндіру, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізуді ұйымдастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен білім және ғылым саласын бақылау бойынша комитеті еліміздің барлық облыстарының қалалары мен аудандарында ақпараттық түсіндірме жұмыстарына арнал-ған семинарлар өткізуде.
Өскеменде өткен осындай семинарға министрліктің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті сыртқы баға-лау басқармасының бастығы З.Жанділдина, осы басқарманың облыстағы білім саласын бақылау жөніндегі департамент директоры Б.Данияров, облыстық білім басқармасының бастығы М.Ахметова қатысқан-ды.

Бақылау күшейсе, бассыздық азаяр еді

Министрлік өкілі Зинаш Жанділдәқызының айтуынша, бүгінде әлемдегі 193 елдің 120-сы ҰБТ жүйесін таңдаған.
Айталық, АҚШ-тағы халық-тың 90 пайызы жыл сайын әртүрлі тест сынақтарынан өтетін кө-рінеді. Ал мектептер мен жоғары және орта оқу орындарының оқушы-студенттері жыл сайын курстан курсқа тек қана тест тапсыру арқылы өтеді екен.
Жиын барысында келтірілген көптеген деректер экрандағы слайд арқылы да көрсетілді. Ондағы 2011 жылдың тест тапсыру нәтижесі бойынша біздің облыс түлектері алдарына Алматы, Атырау облыстары мен Астана қаласын ғана салып, республика бойынша төртінші орынға нық орнығыпты.
Республика бойынша мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейін көтеру мақсатында мемлекет тарапынан түрлі әд-істемелер қолданылуда. Айта-лық, Президент әкімшілігінен 2012 жылы ҰБТ кезінде қалталы телефон, шпаргалка, тағы да басқа қосымша көмек алуға болатын құралдарды тексеруді барынша күшейту жөнінде бұйрық түскен. Ал барлық жергілікті әк-імдіктерге ҰБТ кезінде бақылауды күшейту құралдарын (бейнекамера, металлодетектор және тағы басқаларды) алуға бюджеттен арнайы қаражат бөлініпті. Сондай-ақ, сынақ өтетін аудиторияларда кезекшілік ету ендігі жерде жергілікті адамдардан сайланбайтын болады. Бұрнағы жылдары мемлекеттік комиссия қатарына 20 адам енген болса, енді олардың саны бесеуге дейін қысқартылған көрінеді.
Тест технологиясын бұзуда, әсіресе оңтүстік өңірлердің ас-ықтары алшысынан түсіп тұрған сыңайлы. Оған өткен жылы дүниені дүрліктірген Қызылор-да облысының Жаңақорған ау-данындағы оқиғаны алсақ та жетіп жатыр. Сол жолы емтиханға кірген 505 оқушының алған орташа баға көрсеткіші 107,3 пайызды көрсетсе, соның 84,2 пайызы 100-ден жоғары балл алған.
Бұл, әрине, кімге болсын күдік туғызатын «ерекше» көрсеткіш болғандықтан соңы үлкен дауға ұласып, еліміздің Білім және ғылым министрлігінің шешімімен жаңақорғандық оқушылар 10-маусым күні екінші мәрте сынақ тапсыруға мәжбүр болады. Ол сынақтың көрсеткіші алдыңғысымен салыстырғанда сәйкесінше 80,6 және 12,9 болып шыққанда, бүкіл республика халқы «апам да аң-таң, мен де аң-таңның» күйін кешкен. Жаһанды дүрліктірген Жаңақорғандағы осы мәселеге байланысты жарты жыл бойы сот процесі жүріп, аталмыш аудандағы білім саласының, сондай-ақ, ҰБТ-ға жауапты біраз мамандар тиісті жазаға тартылған көрінеді.
Бір қынжылтқаны – 2011 жылы өңіріміздің Катонқарағай және Күршім аудандарында да тест технологиясының тәртібін бұзу фактілерінің орын алғанды-ғы болды. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» қағидасына сүйенетін болсақ, бұл – бүкіл шығысқазақстандықтардың осы уақытқа дейінгі ҰБТ-да көрсеткен жоғарғы көрсеткішін жоққа шығарумен пара-пар.

ҰБТ-ға қатысу үшін әр түлек наурыздың 10-ы мен сәуір айының 25-інен кешікпей өз арызын жазып, арнайы базаға кірулері керек. Мемлекеттік комиссияға апелляциялық шағым қалай және қандай жағдайда жазылатындығын, ҰБТ-ның түлектерге қоятын талаптары мен тәртіптері жайында және де басқа сұрақтардың барлығына толық жауапты жергілікті штабтардан алуға болады.

Биылғы ҰБТ-ның өзгешеліктері:


Облыстық білім басқармасының берген ақпараты бойынша 2012 жылы ҰБТ-ны ұйымдастыру шараларына біршама өзгерістер енгізіліп отыр. Атап айтқанда:

– биыл ҰБТ өткізу пункттерінің барлығында ұялы байланыс телефондары қызметін өшіретін құралдар пайдаланылмақ;
– әрбір ҰБТ өткізу пункт-теріндегі аудиториялар саны 12-ге дейін қысқарады;
– аудандық және ауылдық ҰБТ өткізу орындарында 1 аудиторияға 1 министрлік өкілі жіберілетін болады;
– жоғары оқу орындарына аудитория санына қарамастан 5 министрлік өкілі жіберіледі;
– қайсыбір ауылдық ҰБТ өткізу пункттері сол елді мекеннің аумағында типтік білім беру ұйымдарына көшіріледі;
– ауылдық ҰБТ өткізетін пункттерінде аудитория кезек-шілері алынып тасталады;
– барлық ҰБТ өткізу пункттері бейнебақылау құралдарымен жабдықталады;
– мемлекеттік комиссия мү-шелерінің саны 5 адамға дейін қысқарады;
– биылғы оқу жылында шамамен 12 893 түлек мектеп бітірсе, облыс бойынша 14 тестілеу орталығы жұмыс істейтін болады.

Мамандар не дейді?

Динара Нұрсұлтанова, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың психология кафедрасының аға оқытушысы:

– ҰБТ-ға ең әуелі ата-аналардың өздері дайындалулары керек. Олар баланы «Тестті қайткен күнде де жақсы тапсыр. Сен тек қана жоғары балл алуың керек» деп күн сайын қайталап, үсті-үстіне төпелей бермеулері керек. Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар осылайша баланы сансыратып, тіптен қажытып та жібереді. Бұл – дұрыс емес.
Әсіресе біздің қазақ балалары төмендеу балл алып қалса болды, онсыз да тығырыққа тіреліп, амалы құрып тұрған баланың жер-жебіріне жетіп, «Ананың баласынан қай жерің кем? Оның сенен несі артық?» деген секілді басы артық сұрақтар қойып, жолы болмаған баланың психологиясына кері әсер ете бастайды.
ҰБТ кезінде орын алатын жағымсыз әрекеттердің көпшілігі осындай психологиялық шабуылдардың әсерінен болып жатады. Егер ата-ана: «Балам, жасыма. Бұл – уақытша ғана сәтсіздік. Біз саған, сенің біліміңе, болашағыңа сенеміз. Ең бастысы, денің сау болсын» деп қиналған баланың жанынан табылып, жігер беретін сөздер айтып, жұбата білсе, бұрнағы жылдардағыдай өкінішті оқиғалар орын алмас еді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
25 комментариев
  1. Самат
    Осындай тесттерди неге З.Жанділдина, Б.Данияров М.Ахметова дан да алмайды екен қызметтен көтерілу сиақты қылып !!!!! ешқандай мүмкіндіксіз бейне камерамен сеть тұншықтырғышпен қамтамасыз етсе керемет болар еді !!!!! ҰБТ да оқушы қандай күйде болатыны өз бастарынан өтер еді
  2. самат
    Самат,буныныз тил тиг3у емеспе
  3. биреу
    ешкандай мумкин бермеу дейдин болмайды гооооо туптин тубинде мумкин бериледигооо,негизинде убт деген керек емес мулдем ол жерде окыган емес окымагандар алып жатады жогары балл.кокеси барлар отеди кокеси жоктар отпейди бир созбен айтканда ренжимениздер бул менин пикирим
  4. біреу
    бұл не деген сұмдық......неге тест тыпсыратын баланын жай күйін ойламайды...Самат деген кісінің айтқанына қосылам себебі министрдің де және басқа да жоғары жақта отырғандардың да тест тапсыратындарды ойламайтыны анық өздерінің балалары қиналмаса болды кезінде өздері де емтихан жүйесі бойынша тапсырып жоғары жақта отыр ғоой.....осы ҰБТ өткен соң Қазақстанның түпкір түпкірінде талай оқушы өзіне өзі қол жұмсайды.неге соларды ойламайды жылдан жылға талапты күшейткенше...шын мәнінде әділет жоқ ,өздеріңіз тест тапсырсаныздар ондай балл жинай алмайсыздарғоой.әрине тест тапсыру тек байдың балаларына арналған ақшасын беріп өтіп кетеді ал кедей балалары не істемек.........
  5. Асыл
    ҰБТ-ны шыгарган адам дурыс ойланбаган,ҰБТ-ы тапсыртуды кай мемлекеттен коширип алды екен.3 сагаттын ішінде 5 пәннен тапсыру акылга сыймайтн зат.Бурынгы уакытта бир экзамен тапсыру үшін 3 күн уакыт беретін 3 кун сабагын пысыктап тапсырыатын және сол пәндер мектеп программасынан келетін, ал казіргі ҰБТның сұрактарының ішінде акылга сыймайтын сұрактар бар.ягни мектеп програмасына катысы жок сұрактар.Абай екінші айелін кай жылы алды деген сұрак оның тарихқа не қатысы бар.Оның үстіне кешегі ҰБТ-да камера тексергіш кұралдар,глушитель койган. Глушитель турганымен радиация емес па? осының бари баланың психологиясына кері әсерін беріп жатыр.Бала білгенінен айырылып калып жатыр.Соншама солай баланы тексеретиндей не болган.Совет одагынын кезінде шпаргалка пайдалануға улыксат етілген.
  6. Зульфия
    Асыл сиз УБТ-ы мен емтиханды жане де казирги заман мен совет одагын шатастырманыз!
  7. Айнам
    Негизи Асыл дурыс айтады соншама катты киындаткан ес. Казирдин озинен окушылар коркып отыр. Биылгы ерекше тестке кирер алда,ушактыка минер алда тексеретин куралмен тексеред дид а ол барин корсетед екен и окушылар бир бирден отырад. Казирден окушылардын заримандары калмай отыр. Онша неге кинайд екен....
  8. Анипа, Кенже
    ҰБТ енгізген адамға ахмет. Білімді оқушы өз білімін дәлелдеп, ЖОО-ға түсе алады, егер шын мәнінде таза алынса. Совет одағында мұндай мүмкіндік болған емес. ҰБТ-да қойылатын сұрақтарды дәл ҰБТ кезінде өзгертпей, қыркүйек айынан бастап ашық түрде беріліп, бала сол сұақтарға дайындалғанын қатаң қадағалаумен қорғап шықса, баланың сол еңбегі еңбек емес пе!
  9. Камила
    Мектепте тенсыздиктер бар мугалимдердин ози де каз ким бай кимнин жогарыда кокесы бар соган жаксы бага кояды ал карапайымдылар киналып журип сол багага арен кол жеткизеды,оз козиммен кордим убт- да 15 баллды 100мын 60 балл 400мынга сатып алганын булар биздин мектеп тулектери болган
  10. Естореева Лаура
    Мен Убтны колдамаймын,ол дурыс емес.
  11. Сымбат
    УБТ негизи оте дурыс,ал емтихан болганда не истер един
  12. Улка
    Мен биыл тест тапсырам канша китаптарды и тест терди жаттасам да бирак сурак мектеп китаптарынан келмиди и кейбир есептер, сурактар кате келеди? Ертен бизге убт да 1балдын ози улкен роль ойнайды гой айтарым отиниш жогарыда отырган агалар суракты дурыс жазындаршы
  13. Умка
    Казирги заманда барин акша емес БиЛИМ шешеди БИЛИМИ БАРЛАР котериледи Билими жоктар ауылда аркимнин кол астында кызметши болады ОЛАЙ АРКИМГЕ ЖАБЫСЫП ПИКИР ТАЛАСТЫРГАНША ОКУ ОКиыКТА ЕЛИМИЗДИ ОДАН АРИ КОРКЕЙТЕЙК
  14. Тогызбаева Улжан
    Елимиздин болашагы- биздер гой жастар ешкашан осыны умытпандар БАРИНЕ УБТ дан жогары бал жинауларына тилектеспин
  15. рахат
    негой убт да глушитель и камераны алып тастасыншы отиниш жане кирер кезде иш кйимге дейин тексермесинши ашин сыртынан сипап коре салсын сонда дурыс болар еди
  16. Айжан
    2013 жылғы түлектер алдағы үлкен сыннан сүрінбей өтіп аңсаған армандарыңа жетіңдер.Ең бастысы саспай әрбір сұраққа мән беріңдер.ҰБТ дан жоғарғв бал жинауларыңа тілектеспін.
  17. Жамбыл
    тести бари дурыс курастырган адамдар акылды
  18. вввв
    ұбт керемет маған қатты ұнаид мен оидағыдаи тапсырамын
  19. Мұсабек
    Әрине АЛЛАХ каласа 125 балл аламын менде ертен тест болады барлығың коп балл алындар
  20. Жигер
    Мен қазір тест дайындалу үстіндемін. Бірақ менің өзіме деген сенімсіздігім барлық мақсатымды аяқ асты етуде. Мүмкін қатыспаяк қойсам бекен. Алған бағаларым 60 балл. Қалай ойлайсыздар?
  21. нуржанат
    акшасы бар адам окиды казирги заманда акшасы жок адам несин окиды кунин коре алмай жургенде
  22. Айбек
    Негізгі ұбт дұрыс емес. Адамды неге сонша қинаиды. Биыл ұбт оңай болса екен. Лала мадина Айгерім Ұлман осылар ұбт қатысады. ҰБТ дан үлкен үміт күтудеміз.
  23. Мадина
    Мен биыл құдаи құаласа 125 балл жинайтыныма сенемін
  24. Дастан
    Сәлем достар! Мен естіп жатырмын биылғы 2014 ж тестта орыс тілі пәні негізгі пәндердің қатарына кіреді, яғни менің айтқым келіп отырғаны орыс тілінен алған балыңды алмайды екен сол рас па?
  25. Марал
    Дастан, оны жақындағанда көресің.
Біз әлеуметтік желілерде