USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру курстары басталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында Кембридж Университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірленген арнайы бағдарлама бойынша 286 жаттықтырушы даярлықтан өтт.

Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру курстары басталды«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Шымкент қалаларындағы педагогикалық институттар жанындағы аймақтық орталықтардың, «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы» АҚ-ның, біліктілік арттыратын аймақтық институттар мен колледждердің қызметкерлері жаттықтырушылар атанды.

Осы жаттықтырушылар Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің 3000 мұғалімін 3 базалық деңгеймен арнайы 3 айлық бағдарлама бойынша оқытуды бастайды.

«Сабақтар шағын топтарда (30 адам) «facetoface» («тікелей») үлгісі және қашықтықтан оқыту үлгісі (онлайн-режимінде) бойынша өтеді», - делінген хабарламада.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
18 комментариев
  1. Жазира
    Өзін-өзі тану пәнінен курс қашан болады екен? Сертификат керек болып жатыр,
  2. Бейбіткүл
    өзін-өзі тану курсын онлаин арқылы оқуға бола ма?
  3. Курманай Слановна
    Мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары,тәрбиешілері (Назарбаев зияткерлік мектебіндегі) білімдерін жетілдіру курстарына бара алады ма?
  4. Смаилова Салтанат
    Қарағанды қаласында І деңгейдің курсының пралтиласында жүриьін, мұғалімдердің дамуына керек курс. Өз әріптестерімд жаңалыққа талпынуға шақырамын.
  5. Акерке
    ШҚО БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНЕН КУРСТАР 2014 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҒЫНДА КЕРЕК ЕДІ... ҚАЙДАН, ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?
  6. Роза
    Өзін өзі тану пәнінен курс қашан болады екен. Қазақша курстан өту керек себебі сертификаттың уақыты өтіп кетті.
  7. АСЕЛЬ
    Көктемгі курстар қашан басталады?
  8. Гулнара
    Өзін өзі тану пәнінен Республикалық курс керек және де өрлеудің оқытып жатқандарын біздің пәнімізге оқыта ма? Үйренгім келеді. Сабақ дәстүрлі болып кетті. Жаңашыл түрде өткізгім келеді. Қандай шығармашылық жұмыстар ұйымдастыруға болады? Баланы қызықтыруым керек.
  9. Алия
    Информатика пәнінен курс қашан басталады?
  10. ляйла
    Ағылшын тілі пәнінен курс қашан басталады?
  11. Мира
    Деңгейлік І, ІІ, ІІІ курстардың басталу мерзімдері қашан?
  12. Гулзифа
    Колледжден кейін жоғарғы оқу орнын қалай оқуыма болады?
  13. Айжан
    Өзін-өзі тану бойынша катерогияны неге алып тастады?
  14. Айдос
    Деңгейлік 3 курстың мерзімі қашан ж/е тізімі керек?
  15. Ақжарқын
    Шымкент қаласында І деңгей бағдарламасының тыңдаушысы ретінде мектептегі тәжірибе кезеңі бүгін аяқталды. 2 жарым ай ішінде алған білімім мен әсерлерімді сөзбен жеткзу мүмкін емес. Мен жаңа ғасыр қоғамына лайықты мұғалім ретінде өзгердім, өзгерістерді сынамалап өз мектебіме жеткіздім деп айта аламын. Әріптестер, Сіздерді де мақсатқа жету жолындағы табандылығыңыз сынала отырып шыңдалатын осы курсты меңгерулеріңізге тілектеспін.
  16. Айнұр
    Өрлеу Ақтөбе өзін-өзі тану курсы қашан болады екен?
  17. Абдугаппар
    Деңгейлік 3 курс қыркүйек айында бар ма?
  18. Наргиза
    Деңгейлік курс 2016жылы қай кезде басталады?
Біз әлеуметтік желілерде