
Жаңа тәртіп бойынша күндіз өз мектептерінде түлектерге аттестат тапсырылады, ал 20.00-де олар Орталық алаңға жиналуы тиіс. Мұнда түлектерді қаланың әкімі құттықтап, үздік түлектер марапатталады. Соңынан - би кеші. Шара түнгі сағат 12.00-де отшашумен аяқталады. Бұдан соң барлығы үйлеріне тарқауы тиіс.
Тағы бір айта кетерлік жайт - мектеп бітіруші қыздарға қымбат көйлектер киюге де тыйым салынды. Олар тек мектеп формасымен келуі тиіс.
- Мектеп бітіру кеші шетелдік қымбат көйлектердің сән үлгісін көрсететін шара емес. Мұның барлығы түлектердің материалдық жағдайына қарамастан, барлығына бірдей қатысу мүмкіндігін беру үшін жасалып отыр, дейді Семей қалалық білім бөлімі секторының меңгерушісі Наталья Тегай.
- Біз вальске, банкетке дайындалдық. Әдемі киіну үшін қомақты қаржы жұмсадық. Енді соның барлығы керексіз болғаны ма? Қазір ешқайсымыздың көңіл-күйіміз жоқ, тіпті емтиханға дайындалғымыз келмейді, дейді мектеп бітіруші Алиса Задорожная.
Ал есімін айтқысы келмеген бір түлек: - Біз жаппай төбелестен қорқамыз. Өзіңіз ойлаңызшы, барлық мектеп түлектері бір алаңда жиналады. Сондықтан бұл шешімге үзілді-кесілді қарсымын, дейді.
Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz