USD 371.31
EUR 419.32
RUB 5.59
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа тәсіл бойынша мұғалім сабақ уақытының 10 пайызында ғана сөйлеуі керек

Жаңа тәсіл бойынша мұғалім сабақ уақытының 10 пайызында ғана сөйлеуі керекӨскемен қаласында ашылған педагогикалық шеберлік орталығы құрылғалы бері нәтижелі жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Орталық қызметі қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу жағдайында педагогтің үздіксіз кәсіби даму идеясына негізделген. Оның негізгі міндеттері - Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жинақтаған тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге тарату және ұстаздардың біліктілігін арттыру.

Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен Педагогикалық шеберлік орталығының стратегиялық әріптесі ретінде тығыз байланыста.

- Жаңа тәсіл бойынша мұғалім сабақ уақытында 10 пайыз ғана сөйлеуі керек. Қалған уақытта ол оқушыны тақырыпты талқылауға тартып, ойын жеткізуге дағдыландыруы тиіс. Әр оқушыға әріптес деп қарап, оның тұлғалық қасиетін ашуды мұғалімдер осы жерден үйренеді, - дейді Педагогикалық шеберлік орталығы Өскемендегі филиалының директоры Байкенова Бағдат Ахметқалиқызы.

Жаңа тәсіл бойынша мұғалім сабақ уақытының 10 пайызында ғана сөйлеуі керекОрталық маманы Айнаш Маликованың сөзіне қарағанда, бірінші кезеңде өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған 85 мұғалім орталықта бір ай оқып, біліктілігін арттырған, ал екінші айында қашықтықтан оқыған. Енді 28-мамыр - 28-маусым аралығында курстың үшінші айын оқуға жиналады. Соңында арнайы мамандар алдында емтихан тапсырып, сынақтан мүдірмей өткен ұстаздар тиісті сертификат алады. Ал бұл сертификат өз кезегінде оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар жалақысының 30 пайызға өсуіне мүмкіндік береді.

Тренерлік курстар туралы қосымша ақпарат Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz сайтында орналасқан.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
228 комментариев
  1. Назигуль Бибаева
    Шығармашылық табыс тілеймін. мен Алматы облысынанмын. Менде үш айлық курста оқып жатырмын.
  2. Сансызбаева Ранай
    Шығармашыл ұстаздардың мерейлері үстем болсын!
  3. Чинасилова Бибигул
    Барлық Талдықорған қаласында екінші деңгей бойынша білім алып жатқан ұстаздарға алдағы қашықтықпен оқу кезеңіндегі еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін
  4. Бибаева Бекзат
    Әріптестерге творчестволық табыс,cәттілік тілеймін!
  5. Абдиканова Айсулу
    Құрметті әріптестер сіздерге шығармашылық табыс және қайтпас қайрат тілеймін! Мен де осы оқудың Алматы қаласындағы үш айлық курсында оқып жүрмін.Сондықтан бәрімізге сәттілік тілеймін!Білім алу ешқашан кеш болмайды.
  6. Тайрова Гүлзира
    Әріптестерге сәттілік тілеймін! Мен Алматы облысынанмын. Үшінші /негізгі/ деңгейдің практикасындамын. Курста оқығаныма қуаныштымын!
  7. Чалова Балкия
    Семей қаласында Екінші /негізгі/ деңгейде оқып жүрген курстас әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін.
  8. fggh
    1 денгейде окып жаткандар бар ма?
  9. Бакытбеква Карлыгаш
    иа курсты оқып бітірдік-ау. Ары қарай жұмысымыз қалай болады екен?
  10. Жайсанбек
    курстан өтіп жатырмыз. Тест пен практиканы қорғау калай болар екен
  11. Сүйінбай
    Мен Шымкент қаласында оқып жатырмын. Уайымдамаңыздар бәрі жақсы болады.
  12. сауле 12 тамыэ
    1-деңгейдің тест тапсырмалары бар ма?
  13. Қалипа
    Қызылорда қаласында екінші деңгейлік курстан өтіп жатқан әріптестеріме табыс тілеймін!
  14. Шилдебаева З
    Қызылордада екінші деңгейде оқып жатқан әріптестер практикада сәттілік тілеймін!
  15. cалтанат
    1 деңгей пратикасындамыз, бәріңе де сәттілік тілеймін!
  16. Жанасбаева Бахыткуль
    Жобаны қорғау қиын емес, ал тест тапсыру өте қиын ол үшін ұйқысыз түндер, жүйкең тозады да ауру боласың.
  17. Наурызбаева Гульназ
    1 деңгейдің бірінші бетпе-бет кезеңін аяқтап, мектепке практикаға келдік. Енді ары қарай алған білімімізді жүзеге асыруымыз керек.
  18. Злиха
    Мен Шымкенте 2 деңгейде және 2 топта оқып жатқан мұғалімдерге практикада сәттілік тілеймін!
  19. Нурманбетова Раухан
    Мен Таразда 1-деңгейдің бірінші бетпе-бет кезеңін тамадап, қазір практикада жүрген әріптестеріме сәттілік тілеймін.
  20. Кунафина Лазат
    Мен 3 деңгейді Өскемен қаласындағы NIS мектебінен аяқтап келдім енді осы жұмысымды ары қарай жалғастырамын. Барлық осындай деңгейлік курс оқыған әріптестеріме ары қарай талпыныс, табыс тілеймін.
  21. Гүлмира Жалғасбаева
    Құрметті әріптестер 1-деңгейде бұрын-соңды оқыған ұстаздар легі бар ма? Бар болса сіздермен желілік қоғамдастықта хабарласып, жұмыс жасасақ өте жақсы болар еді.Әріптестер сіздер қалай ойлайсыздар?
  22. Қазкенова Ақмарал
    Құрметті әріптестер 1-деңгейдің бірінші бетпе-бетін аяқтап, мекбебімізде тәжірибеде жүрміз. Қызығы мен қиыншылығы мол, дегенмен біздер көшбасшымыз, бәр жағынын алда болуымыз керек. Тек сәтттілік, қуаныш,алған беттен қайтпай, жақсы идеялармен қаруланыңыздар. Бірігіп қоғамдастықты мен де қолдаймын, себебі бірігіп көтерген жүк жеңіл, ал сіздер қалай қарайсыздар?
  23. Баян
    1-ші деңгей есептерін бастадыңыздар ма, практика қалай өтуде?
  24. Бейбіт
    Шымкенттегі І-денгей, І-топтагы әріптестериме салем! Мектептегі практика калай отуде? Желілік қоғамдастықта болайық! Барлығыңызға тек саттілік, шығармашылық табыс тілеймін.
  25. жамбыл
    Шымкеттегі І-денгей, І-топтагы әріптестериме салем! Мектептегі практика калай отуде? Желілік қоғамдастықта болайық! Барлығыңызға тек саттілік, шығармашылық табыс тілеймін. мектептің даму жоспарын жасадыңыздар ма?
  26. Гульфара
    Атыраудан 1 деңгейде оқып практикадамын. Бәріңізге сәттілік тілеймін. Емтиханға дайындықтарыңыз қалай
  27. Луиза
    Сәлеметсіздерме құрметті көшбасшылар!!! Мектептегі іс тәжірбиелеріңіз ойдағыдай өтіп жатырғанына мен сенімдімін!!! 1-деңгей, 1-топ, Шымкент. Бейбіт не жаналық?
  28. БҚО Нургул Утешева
    Мен 1 денгей бойынша практикадамын. Бірік ОЖББМ. Бір жаксысы биздер денгейде окып жаткан 4 адамбыз. Алда жұмыстар коп. Бир биримизбен байланысып отырайык әріптестер. Бәріңізге сәттілік тілеймин!!!!
  29. Айшолпан Тулекова
    Барлық Қызылорда қаласында 2-ші деңгей бойынша білім алып жатқан әріптестерге творчестволық табыс тілеймін! Қазіргі таңда 212 мектеп-гимназиясында І денгей бойынша 2 апайыммен бірге практикадамын. Әріптестер сіздермен желілік қоғамдастықта хабарласып,байланыста болайық.
  30. Куляш Қарағанды
    Құрметті әріптестер, сіздердің күйлеріңізді түсінемін, мен де 1-ші деңгейде дәріс алып жатырмын. Ештеңеден де қорықпаңыздар, бәрі де жақсы болады. Біз жеңеміз!
  31. АЛИЯ
    1 деңгей практикасы қалай өтуде?
  32. Толешова Ләззат
    3 топ практикаларыңыз қалай өтуде?
  33. Айшат 3-топ Тараз
    Мен бүгін lesson Studu тақырыбында семинар өткіздім. Семинар сәтті өтті деп ойлаймын. Себебі жас мамандар келесі семинарыңыз қашан өтеді , қатысып үйренейік деп қызығушылық білдірді.
  34. Айшат 3-топ Тараз
    1-деңгей 3-топ практикаларың қалай өтуде?
  35. Айшат 3-топ Тараз
    Құрметті әріптестер, практикаларыңыз қалай өтуде? Сәттілік тілеймін.
  36. Ермекбаева Жанар
    Тәжірибе ойдағыдай өтуде. Коучингті аяқтап сабақтарды зерттеуге кірісіп жатырмыз. Осы апта желілік байланыс жасағалы отырмыз.
  37. Мариямкул
    Алматы. 7 топ. Практика қалай өтуде? Сәттілік тілеймін.
  38. Гульзира
    Мен бірнеше күн болды желілік қоғамдастыққа кіре алмай жатырмын, 502 сан шығады да тұрады, сайт істемей ме??? www.cpm.kz. Есепті қалй жазамыз егер үнемі сайт істемей тұрса. Сіздер қалай ойлайсыздар? 1 деңгей ұстаздарда 6 есеп желі қауымдастық қой... Мен 3 апта болды сайтқа кіре алмай отырмын.
  39. Айкрим
    Барша 1-деңгейлік курстың бетпе-бет бөлімін аяқтап, практикада жүрген аяулы әріптестер еңбектеріңізге табыс тілеймін. Қауымдастық жоспарын қалай жазып жатырсыздар?
  40. Дана
    Менде сайтқа кіре алмадым. Талдықорғандағы 1 топтанмын. 1 деңгейлік курстың практикасында жүрмін. Есепке кірістік. Оңай шаруа емес екен. Қатты қиналып жүрміз. Бірақта мойымайық.
  41. Алпысова Айман
    Менде 3-айлык курстан откенмин. Сиздерге саттилик тилеймин!
  42. Салтанат
    Біз де бірінші бетпе бетті аяқтап қалдық. Енді практика, ойласам ұйқым келмейді.
  43. Әсемгүл
    Талдықорғандағы 3-топтанмын. 1 деңгей практикасында жүрміз. Сайтқа кіре алмай жатырмыз.
  44. Дана
    Талдықорғандағы 1 деңгей 1 топ қыздары қалдарың қалай? Бәріойдағыдай деп ойлаймын. Себебі сендердің қолдарыңнан бәрі келеді, Желіге шықсаңдар жақсы болар еді.
  45. Арғынбаева Аида
    Мен бірінші деңгейдің мектептегі іс-тәжірибе кезеңіндемін. Шын мәнінде өзгергенімді іс-тәжірибеде сезіндім.
  46. Клара ҚҰрманбаева
    Менің жасым 54-те. Мен курстың 1-деңгейінде оқып жүрмін. Басында жүрексінгенмін. Тәжірибе кезеңінде барғанымның дұрыс болғандығына көзім жетті. Өз замандас әріптестерімді курсқа баруға шақырамын.
  47. Салтанат
    1 Атырау қазақ тобының қыздары, қалайсыңдар? Практика қалай өтуде? Есеп Жазуға кірістіңдер ме?
  48. Нурила
    Шымкенттенмін, "Бетпе-бет" кезеңін бітірдік. Енді практика басталуда. Басқаша әлемге енгендеймін. Бәрі де ойдағыдай болуы керек депүміттенемін. Тек Порталға кіру оңай болмай тұр. Ашыла қоймайды. Осы жағы реттелсе игі еді.
  49. Гульмира
    Талдықорғандағы І деңгей топ мұғалімдері практикан да аяқталып қалды, бәріңде жақсы жаңалық, жетістік бар деп ойлаймын. А есебімнің жауабын күтіп жүрмін, бір жұмыс болсада бағытын білгім келеді.
  50. Марал
    1 деңгей практикада жүрген 4 топтағы әріптестерге, тренеріміз Аманкул апайга улкен, жалынды сәлем. Өзгергенімді байқадым.
  51. Сауле Кулманкулова
    Қызылордадағы 1-деңгейдің 2-тобындағы әріптестер! 2-бетпе-бет кезеңіне керемет шығармашылық көңіл-күйде келулеріңізге тілектеспін. "Сыр-Ағаш" желілік қоғамдастығындағы әріптестерге сәлем!
  52. Әсел
    Алматы облысы Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығынан оқып, бірінші бетпе-бет кезеңін тәмамдадық. Курс өте қызықты, танымдық мәні зор болды. Өзім үшін үйренерім көп болды. Ертең мектепке баратын бірінші күнім. Аздап жүрексініп отырмын. Алайда, қорқыныш сезімін жеңе алатыныма сенімім мол. Себебі тренерлеріміз өте тәжірибелі адамдар. Бізге барлық білім мен білігін паш етті. Енді сол кісілердің сенімін ақтамауға еш себеп жоқ. Есеп жазуды ертеңнен-ақ бастаймын. Барлықтарыңызға айтарым, іске сәт!
    4-топ, І деігей.
  53. Ғалия
    Ақжайық ауданы. Орал қаласында І-деңгей курсының алғашқы кезеңін бітіріп келіп, практиканы бастағалы отырмын. Желілік қоғамдастыққа кіре алмай отырмын. Үш күн болды. 6-шы есепті қалай жазамын.
  54. Алтынай
    Оралда үшінші деңгейде оқыб жатырмыз. Қазір практикадамыз. Барлық мұғалімдерге сәттілік тілеймін.
  55. галия
    Шымкент 1 деңгей 1-топтан группаластар коучингті аяқтадыңыздар ма?
  56. Гульназ
    Мен де 1 деңгейдің бетпе-бет кезңін аяқтап мектепте іс-тәжірибеден өтіп жатырмын. Қиын болса да жалғыз емеспін деп ойлаймын... ШҚО ПШО 1-деңгей, Қыздар, қайдасыңдар?
  57. Ұлжанай
    Шымкент, 5-топ, 1-деңгей. Барлық мұғалімдерге сәттілік тілеймін. Сіздерге алла қуат берсін. Өздеріңізге сеніңіз, сіз алмайтын асу жоқ деп ойлаңыз, бәрі де жақсы болсын.
  58. Нур
    Құрметті ІІІ деңгей тыңдаушылары, есеп жазу презентация жасауға көмек беремін.
  59. Гүлнар
    Шымкент, 5-топ, І деңгей Барлық әріптестеріме сәттілік тілеймін! Жасаған әрбір істеріңізге береке, сенім тілеймін, адамның өзіне деген сенімділігі нық, мықты болса, шығар асуыңыз биік болмақ, баршаңызға алланың нұры жаусын! Тамара Мақалқызы сіздің еңбегіңіз ерекше, сіздің тобыңызда болғаныма мақтанамын! Бұл мен үшін үлкен бақыт!
  60. ГУльбану
    Құрметті ұстаздар! Мереке құтты болсын! Мен 1-деңгей тыңдаушысымын. Таразда практика аяқталды. Енді практикаға келген тыңдаушылар, сіздерге айтарым, сізді қолдайтын адам көп болу керек. Сонда ғана сіздің жұмысыңыз жүзеге асады. Сәттілік тілеймін.
  61. Гулжан
    Шымкент, 6-топ, 1-деңгей. Өз тобыммен хабарласа алмадым, спм-ға кіре алмадым. Тәжірибе аяқталуға 3-ақ кун қалды. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! Жақсы күнде кездесейік!
  62. Күлшат,Гүлбаршын
    Алматы қаласы. 3-деңгей, 2-ші топ. Барлық ұстаздарды мерекелерімен құттықтаймыз Сіздерге табыс тілейміз.
  63. Айгүл Рахметова
    Павлодар қаласында өтіп жатқан 1-деңгей курсының практикасынан өтіп жатырмын. Тренеріміз Сарбасов Нұрлан мен 2-ағымның 1-тобының тыңдаушыларын, әріптестерімді, ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын, сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін.
  64. Дана
    Құрметті әріптестер! Келе жатқан төл мерекелерің құтты болсын. Қиындықтан қашпайтын, жаңалыққа жаны құмар жан бұл дүниеде тек мұғалімдер шығар. Сіздердің осы білімдеріңізді көтеріп, жанұяны да, мектептегі қағазбасты жұмыстарды да, алты есепті жазып жатқандарыңыздың өз бірі ерлік. Енді мектепте орындап келген жұмыстарыңызды қорғап, тағы Тест деген белестен өтіңіздер. Өзім "Бетпе-бет кезеңінде" нұсқаулықтан біршама білетін сияқты едім қазір бәрін ұмытып қалдым. Шірікн, сол бетпе-беттен кейін тест тапсырғанда керемет болар еді. Бәрі жақсы болады.
  65. Салтанат
    Қарағандылық 1 деңгейдің 1 бетпе-бетін оқып, практикаға кеткен әріптестеріме тек ізденіс тренеріміз Қаламқасқа денсаулық тілеймін. Ұстаздар күні құтты болсын!
  66. АҚСЫРҒА
    І деңгей Ақтаудағы және барлық Қазақстандағы курсанттар сәттілік сіздерге! Мерекеңіз құтты болсын! Әр бір тұлға жарық жұлдыз жарқырауына жәрдем ет!
  67. венера
    Мерекелеріңіз құтты болсын! Тесті тапсыру неге керек тусінбеймін. Бұл дұрыс емес. Қарсы адамдар көп бірақ ешкім ашып айтпайды неге?
  68. қонақ
    Әріптестер, дайын сценарий керек болып тұр форум өткізуге.
  69. Камила
    Мен де үшінші деңгейдің практикасында жүрмін. Маған жалпы сабақ тәсілдері ұнайды. Барлық мұғалімдер осы тәсілмен біркелкі өтсе керемет болар еді.
  70. тоғжан
    Салеметсіздер ме! Жұмысым ауысып еді сағатым жоқ. Енді 30 пайыз қалай төленеді айтасыздар ма?
  71. Гулсара
    Мен де Шымкенттегі курстың үшінші деңгейінде оқыдым. Алғашқы бетпе-бет кезеңі аяқталып, қазіргі кезде мектептегі тәжірибеде жүрмін. Идея көп, әдіс-тәсілдер көп. Солардың бәрін 45 минутқа сыйғызу қиындау болып тұр. Не істесем екен?
  72. Бурибаева Динара
    Мен Тараздан екінші деңгейді екінші топта бітіріп шықтым. Оқу жылының басынан бастап курста үйренген тәсілдерімді пайдаланып келемін. Нәтижесі байқалып келеді. Жеті модулдің жемісін көре бастадым. Ұзақ, орта, қысқа жоспарлардың тиімділігі жоғары.
  73. Гульвира Шуленова
    Шымкенттегі 1-деңгей 7-топ мүшелеріне жалынды сәлем. Тәжірибе қалай өтуде? Бәріңізге сәттілілік тілеймін. Қиындықтардан қиналмай өтейік. Жемісін көрейік. Күш-жігер, қажымас қайрат тілеймін.
  74. Ляззат Нурханова
    Талдықорған қаласындағы 1-деңгейлік курстан тәлім алып, мектеп практикасында жүрген 1-топ ұстаздары! Еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Мектеп практикасында кездескен қиындықтарды жеңіп, оқушыларға қалай оқу керектігін дұрыс үйрететіндеріңізге сенімдімін. Алғашқы 2 коучинг сәтті өтті. Коуч пен тәлімгер ерінбей жұмыс жасауда. Әсіресе 7 модульдің тиімділігін сездім. Тәлім алушы мүғалімдер қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлауды жақсы меңгеріп, сабаққа қолдана бастады. Құрметті әріптестер, бәріңізге сәттілік тілеймін!
  75. Бибигул Чинасилова
    Құрметті әріптестер Талдықорған қаласыда бетпе бет кезеңін аяақтап, мектеп практикасында жүрген ұстаздарға алдағы жұмыстарға сәттілік тілеймін.
  76. Алма Тайботанова
    Талдықорған қаласындағы 1-(ілгері) деңгей курстан тәлім алып жүрген 1-топ ұстаздары Еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Құрметті әріптестер, бәріңізге сәттілік тілеймін!
  77. Ералиева Рая
    Барлық жерде оқып жатқан 1 деңгей тыңдармандарына екі таныстырылым және тестен абыроймен өтулеріңізге тілекшімін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
  78. Хадиша
    1-деңгей тапсырмасын мектепте практикада өткізіп жатырмын, мектепте ұстаздар көп осы мақсатта жұмыс істеп. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.
  79. Гулзабира Мусаева
    Әріптестер, қалайсыздар? Мен 1-деңгей практикасынан өтіп жатырмын. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, сәттілік тілеймін.
  80. Сауле АДИЛЬБЕКОВА
    Мен Алматы қаласынанмын. ІІІ-деңгейдің практикасындамын. Оқуға келгеніме қуанамын. Бәріңізді курстан өтуге шақырар едім. Барлық мұғалімдер осы тәсілге өтсе жақсы болар еді. Бәріңізге творчестволық табыс, сәттілік тілеймін!!!
  81. Зейнеш Атеева
    Мен Қызылорда қаласынанмын Мен 1-ші деңгейдің практикасынан өтіп жатырмын. Таныстырылым мен тесттен аман-есен өтейік. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!!!
  82. Жанар Дурмекбаева
    Семейде оқып жатқан 1-деңгей ұстаздарына 28 күнгі емтиханнан сүрінбей өтулеріне тілектеспін. Бәріңізге сәттілік тілеймін.
  83. Гулжамал
    Әріптестер, барлықтарыңызға творчествалық табыс тілеймін, бірінші денгей мұғалімдері сіздерге тестте сәттілік тілеп, Алла жар болсын.
  84. Тоғжан Кенжеева
    Мен Шымкент қаласынан, ІІІ деңгей тыңдаушысымын. Қазір мектептегі практика кезеңіндемін. Сабақтарда өзіміз бірінші бетпе-бетте үйренген әдіс-тәсілдерді, сергітулер мен ойындарды қолдануда уақыт жеткізе алмай жатырмын. 45 минутта ештеңеге үлгермей жатырмыз. Не істесем екен?
  85. Ұлжанай
    Шымкент, 5-топ, 2-лек, 1-деңгей. Сәлем, әріптестер. Сәттілік тілеймін.
  86. Динара
    Шымкент, 1-деңгей, 5-топ, 2-лек. Құрметті әріптестер! Баршаңызға жұмыстарыңызда сәттілік тілеймін! Алдағы асулардан сүрінбей өтіп, табыстарыңыз мол болсын!
  87. жанка
    Ойларыңыз жақсы екен, жұмыста табыс тілеймін!
  88. Гүлнар Досекенова
    Құрметті әріптестер! Барлығыңызға сәттілік тілеймін!
  89. Жулдыз
    1-деңгей 2-топ Талдықорғандықтар, мен порталға кіре алмадым. Сендер ше?
  90. Чунгэл Бекей
    Құрметті әріптестер! Сіздерге сәттілік тілеймын. Менде сіздер сияқты 1 деңгей 3 топта оқып жатырмын. Ойларымызды бөлісейк! Қарағанды қаласы №57 мектеп-лицейінде биология пән мұғалімімын.
  91. Еркегул
    Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығына 2-ші бетпе бет кезеңіне қош келіпсіздер. 3-топ тыңдаушылары бәрлерәіәзге сәттілік тілеймін. Бәрі жақсы болады.
  92. жазира
    Біз еңбекқорлар 1-топ 1-деңгейлер Кимбридж тәсілі бойынша мектептегі оқу мен оқыту әдісіне үлкен серпіліс жасадық. Ең басты мақсат оқушылардың білім сапасының жоғары деңгейде болуы.
  93. Нурмуханова Саягуль
    Атырау қаласындағы төртінші орыс тобы ІІІ деңгей тыңдаушылары! Сіздерге ең алдымен шыдамдылық, емтиханды өте жақсыға тапсыруларыңызға тілектеспін. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
  94. салтанат
    Панфилов ауданы. Сәлеметсіздерме қымбатты әріптестер?! Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
  95. Лаззат Бултанкулова
    Курсты аяқтап, тестті тапсырып, сертификатқа өтіп қуанып жатырмыз, сіздерге де табыс тілеймін!
  96. Бурибаева Динара
    Барлық курстан өткендерге жалынды сәлем. 1.12.2013 жылы емтиханды жақсы тапсырыңыздар құрметті Таразда 3 деңгейді оқып жатқан әріптестер. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын әріптестер.
  97. Айнур Маликова
    Әріптестер! Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Сертификатталған ұстаздар! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
  98. нурзия
    5-топқа сәттілік тілеймін!
  99. Гүлнар Абызбек
    Құрметті әріптестер! Баршаңызға 01.12.2013 ж тапсыратын біліктілік емтихандарыңызға тек қана сәттілік тілеймін! Бұл асулардан сүрінбей өтулеріңізге шын жүректен тілектестігімді білдіремін! Ең Тұңғыш Президент күні құтты болсын, мерекеміз мерекеге ұлассын!
  100. Мария
    Құрметті әріптестер! Келе жатқан мерекелер құтты болсын! Менде Алматы қаласынан екінші деңгей бойынша бітіріп келіп, қызу жұмысқа кірісіп кеттім. Әйтеуір балаларға ұнап жатыр. Қиындықтар мен кедергілер көп кездеседі.
  101. Мадина
    Құрметті әріптестер қаңтар айында Алматыда курс болады деп естіп едім сіздер осы жайлы білесіздер ме?
  102. гульжан
    Құрметті әріптестер, 1-деңгейді аяқтап, сертификат күтіп отырмын, оқу ісі меңгерушісімін, 9-сағатым бар, үстеме ақы тек 9-сағатымызға қосыла ма?
  103. Гулмайда
    Құрметті әріптестер! Мектеп көшбасшылары мектептеріңіздегі желілік қоғамдастық жоспарын қалай жадыңыздар, ой бөлісейік!
  104. Күлбибі
    3-деңгейді аяқтағанмын. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Бір-бірімізге қолдау көрсетейік. Орта, қысқа мерзімді жоспарлар мен мұғалімнің күнделікті рефлексивті есебін ортаға салайық. Ой бөлісейік. bkulbibi@mail.ru
  105. бибигуль
    Құрметті әріптестер, 1 деңгей мұғалімдері, жұмыстарыңызға сәттәлік тілеймін.
  106. бибигуль
    Мұғалімдер сәлеметсіздер ме? Мдж жайында жіберіңіздерші.
  107. Хадиша
    1-деңгейдің жауапкершілігі жоғары, әрі қызықты: сабақты түрлендіріп өтіп, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге қызығушылығы артып отыр мен үшін "Белсенді сынып және белсенді емес сыныптың қалыптасуы туралы" өткізілген эерттеушілік сабақ оқушыларға сто-да үлкен әсер білдірді. Осы бағытта жұмыс сәтті болды...
  108. Сарсенбаев Талгат
    Мен Алматы қаласында мектеп басшыларының 1 деңгейнде үш айлық курсында оқып жұрмін. Ертең 3 апта басталады айтарлықтай қиындық кездеспеді. Барлық 3-айлық курстан өтушілер жақсылап түсініп оқысақ бірігіп жұмыс жасасақ мақсатқа нәтижеге жетеміз деп білемін. Сәттілік тілеймін.
  109. Анар
    Құрметті әріптестер! Мен 3-деңгейде Тараз қаласында оқып жатырмын, маған 5-модуль бойынша рефлексивті есеп керек. Көмек бере аласыздар ма?
  110. Теликбаева Салтанат
    Мен Оңтүстік Қазақстаннанмын. Мен 3-деңгейлікті бітіргенмін. Менде жаңа тәсіл бойынша сабақ өтіп жатырмын. Мен өз метебімде мұғалімдерге Джиксо әдісімен өттім. Оларға қатты ұнады. Кері байланыста тағыда осындай сабақтар өтілсе деп тілек білдірді. Енді мұғалімдерге және өтуге шақырмақшымын. Мұғалімдердің өзі бала сияқты сабаққа кірісіп отырады.
  111. Нұржанат
    Хадиша, сізбен жақынырақ таныссам деймін, қалай қарайсыз. Өткізген сабақтарыңызда белсенді емес оқушылар мен жүргізген жұмыстарыңыз бен бөліссеңіз.
  112. Хадиша
    Белсенді емес сыныпты 45 минут сабақ түсіндіретін мұғалім қалыптастыратыны анықталды, орталық фигура мұғалім. Сондықтан оқушыға сто-бағытында уақытты көбірек бере отырып, белсенді емес сыныптан белсенді сыныпқа жеткізуге осы технология тиімді болды. Өткізу түрі: оқушылардан "белсенді сынып ж/е белсенді емес сынып" қалай пайда болатыны туралы пікірлерін жазба түрінде алып, сосын өз пікірлерін тыңдадым. Соңынан ресурстағы материалды ұсындым. Бір данасын Сынып бұрышының бір қалтасына іліп қойдым. Сол сыныбым қазір сабақтарымда белсенділік танытып келеді 9ә сынып. Осы бағытта мұғалімдермен өткіздім "зерттеушілік" сабақта өз нәтижесін көрсетуде... Нұржанат әріптес осындай бағытта өткізілді.
  113. Әділжан
    Құрметті әріптестер! Жаңа бағыттағы жұмыстарыңа сәттілік тілеймін. Орал қаласында оқудамыз.
  114. адил
    Оқу ісі меңгерушілері 1-деңгейлік курсты тәмәмдәп, сертификат алған соң, 100 пайыздық үстеме тек ол беретін сағатына ғана төлене ме?
  115. Жанна
    Мен 1-ші деңгейді Өскемен қаласынан бітіріп, сертификатымды алып, қызу жұмысқа кірісудемін. Жаңа бағыттағы жұмысқа мұғалімдер өте қызығушылық танытуда. Барлық мұғалімдермен "Бағалау" тақырыбында коучинг сабағын өткіздім. Сәтті өткенін кері байланыс арқылы және мұғалімдердің көптеген сұрақтар қойып, білгілері келгендерінен байқадым. Тағы да осындай сабақтар өтсе деп өтініш айтып жатыр. Тағы да 7 модульдің бірі талантты және дарынды балаларды оқыту туралы да сабақ өткіздік. Сәтті болды. Жұмыстарды 2 жұлдыз, 1 тілек, жарық жұлдыз, смайлктер арқылы бағалауды ұсындым. Оны 3-ші деңгей мұғалімдері тамаша алып шықты деп ойлаймын. Енді LS сабақты зерттеуді ұйымдастырғалы отырмыз. Әріптестер, барлықтарыңызға жаңа бағыттағы жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, Кембридж бағдарламасының артықшылығы мен жетістіктерін көрсететіндей шығармашылық жетістіктер тілеймін.
  116. Анар Мадинова
    Құрметті курс тыңдаушылары, мен Шымкент қаласында өз білімімді жетілдіріп, тесттен өтіп сертификатталған әріптестеріңізбін. Бұл жетістікке оңай қол жеткізген жоқпын. Қазіргі менің жетістігім оқушыларымның сыни тұрғыда ойлап, ықпалдаса әрекет жасағаны, бір-бірін бағалауда әділдік танытуы деп білемін. Келешек білімді ұрпақ тәрбиесі жаңашыл мұғалімнің қолында екенін ұмытпайық құрметті әріптестер. Идея алмасып тұруға дайынмын!
  117. Ләззат 7наурыз
    Мен Қызылордалықпын. Қыздар мереке құтты болсын, Деңгейлік сабаққа үйренісіп қалдыңдар ма? Бастауыш сынып мұғалімдері болса байланысып тұрайық.
Біз әлеуметтік желілерде