USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Зырянда саудагерлерді алдап соққан алаяқ ұсталды


Зырянда саудагерлерді алдап соққан алаяқ ұсталдыЗырян аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері орын алған алаяқтықты анықтады.

Березовский ауылының А. есімді 25 жасар тұрғынының алаяқтық әрекеті 2011 жылдың тамыз айынан басталыпты. Ол бір күннің ішінде «Экран» сауда үйінің үш сатушысынан ертең әкеліп беремін деп сендіріп, жалпы құны 50 мың теңге тұратын ер адамның және балалардың киімін қарызға алған.

Зырянға келген А. сауда үйінің саудагерлерімен кездесуден қашқақтап, кездесе қалса, оларға әдеттегі «ертеңін» айтып құтылып жүрген. Оның «ертеңіне» әбден тойған сатушылардың шыдамы бітіп, полицияға жүгінеді. Жәбірленушілер жігіттің тауар алғанын дәлелдейтін сатушылардың тізімін де қоса береді.

Үйіне полицейлер келген кезде жас жігіт аң-таң болады. Өзіне тағылған айыпқа таңғалған ол «мен дер кезінде барлығын төлегенмін» деп азар да безер болады.

Қазір құқық қорғау қызметкерлері істің ақ-қарасын анықтауда.

altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде