USD 371.31
EUR 419.32
RUB 5.59
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Кітапханашылардың жалақысы артады

Кітапханашылардың жалақысы артадыЕлімізде кітапхана қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Және бұл әдеттегідей азын-аулақ мөлшерде емес, әмиянға әжептәуір «салмақ» түсіретіндей дәрежеде болмақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кітапханашының айлық табысы төмен болғандықтан бүгінгі күні аталған қызметке жастарды тарту жағы қиындық туғызуда. Ал бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқан осы сала өкілдерінің көбісі зейнеттік жасқа жеткендіктен буын алмастыру керек. Осыны ескерген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған сала мамандарының жалақысын өсіруді ұйғарды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, кітапхана қызметкерлерінің табысы 34-60 пайызға дейін өседі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
101 комментарий
  1. Айман
    Әттең, мектеп кітапханашылары білім министрінде де, мәдениет министрінде де жоқ. Өкінішті-ақ.
  2. ахмет
    енди кашан котерилмек. болары болгасын ба? китапханашылардын азгантай жалакысы шараларга жумсалады. ешкандай орг. техника жок. ауылдарда типти киын.
  3. Айдана
    Енди кашан котериледи китапханашылардын айлыгы
  4. төлегнова гаухар
    кітапханашылардың жалақысы шілде айынан бастап көтеріледі ме? Уақытын айтсаңыздаршы. кітапханашылардың азғантай айлығы ештеңеге жетпейді. Бұл айлыққа ешқандай жастар келмейді.
  5. Жұмабай Әбішев
    Кітапханашылардың жалақысы қашан қай айдан бастап өседі екен ?
  6. Жамал
    Мектеп кітапханасына педагог-бибдиогроф статусы беріледі мұғалімдермен тенеседі деп айтылған енді ол кашан іске асады?
  7. Дария
    Мектеп кітапханашылары не мәдениетте не педагог саласында жоқ соны тездетіп бір жақты қылмай ма?
  8. раушан молдабекова
    кітапханашылардың жалақысы көбейеді деп алдады ма? айтқаннан кейін көтермейме? Ешкімге сенуден қалдық
  9. ләйлә
    Мектеп кітапханашылардың педагог-библиотекарь статусы беріледі деп айтылғаны распа, сонда жалақымыз қанша болады бұл қашан іске асады, ком услуга неге кітапханашыларға бөлінбейді. Назарларыңызға рахмет.
  10. Айнүр
    Ең төмен жалақы кітапханашыларда. Сондықтан көтеру керек. Себебі бұл орда - жай орда емес, рухани орда. Білімді ұрпақ тәрбиелеуде кітапханашылардың да алар өз орны бар деп ойлаймын!
  11. Шекер
    Мектеп кітапханашыларына да косылуы керек кой жалакы көлемі себебі жалпы кітапханашыларға қосылады деген еді енді соны қашан іске қосады оңай деп ойлайды жұмысын оңай емес нағыз еңбекті талап ететін жұмыс ол нағыз кітапханашылар!
  12. АЙГУЛ
    мектеп кітапханашыларының айлығы өте аз оларды білім министріндегілер техн қызметкерлер қатарына жатқызып табельді солармен бірге толтырады сонда кітапханашылар 4 жыл оқып диплом алып не үшін оқыған еңбектері еш бейнеті көп сонда да олардың статусы өте төмен мәдениетін сыйламаған ел болдық ау кітапханашылардың еңбегі қашан еленіп олар да еңсесін көтереетін күн бар ма екен
  13. ТОЛҚЫН
    шынымен де мектеп кітапханашылары кімге қарайды олар тіпті категория да ала алмайды обл білім басқармасындағылар мект кітапханашыларын біз аттестац өткізбейміз біз тек мұғалімдерге жауап береміз деп бастарын ала қашады сонда олар мардымсыз айлығын сол жақтан алады да категорияларын көтере алмай сол аз айлықпен жүре береме оданда бізді мәдениет министр( бағынатын қылса өмірімізде жақсы өзгерістер болар еді ау
  14. ГУЛНАР
    кітапханашылар күні деген мейрамды тойламай ақ кетеміз ау неге кітапханашылардың статусын көтермейді олрда институт бітірген жоғарғы мамандық иелері емес пе әсіресе мектеп кітапханашыларының жалақысы өте төмен сөзін кім сөйлеп жоғын кім жоқтайды айтыңыздаршы бізге кімнің жаны ашиды
  15. мөлдір
    кітапханашылардың жалақысын көтеретін күн болама екен
  16. мадина
    Мектептегі іс қағаздарын жургізушінін енбек акысы кобейеме
  17. Женискул
    Мадениет уйи кызметкерлеринин айлык жалакысы котерилеме? Мадениет уйинин техникалык кызметкерлеринин айлыгы да котериле ме? (онын ишинде шофер, техничка, кочегар) Кашан котериледи?
  18. Сарсенкүл Қызылорда
    Кітапханашылардың жалақысы енді қашан көтеріледі? Көтерілмесе неге оны теледидардан айтып, дабыра қылды. Тып - тыныш отырған жұрттың құлағын көтеріп. базардағы барлық заттың бәрі қымбаттап кетті ғой.
  19. Жамал
    2014 жылдан бастап педагог-библиотекарь статусы берыледы деп айтканминистерствадан клген комиссиялар.Егер статус берылсе онда мугалымдер сиякты 2 ай отпуска мен жалакыларымыз да мугалыммен тенеседы деген.Тагыда библиография паны бойынша сагат берыледы деп айткан болатын.Енды соны канша кутуге болады екен уакыт корсетер.
  20. Алмагул
    Жалақымыз қашан өседі, атестациядан кейін бе
  21. Амина
    Жоғарыда отырғандардың өз табыстары өздеріне жеткілікті болған соң біз сияқты қарапайым халыққа бастарын ауыртып не істейді.Депутат болып сайланарда ғана қара халық естеріне түседі, жылы орындарына жайғасқан соң бәрі ұмыт қалады.
  22. Аманкүл.
    Кітапханашылар айлық жалақымыз өседі деп дәмеленбей- ақ қойыңдар. Қазақстанда дағдарыс болып жатқанда ненің айлық көтерілгені ?
  23. Гүлсім
    Кітапханашылар жуас қой шіркін, көтеріледі деген сөзге риза болып жүрміз, сол сөзді қозғаған адам неге аяғына дейін апармайды екен.
  24. Аскар
    Кітапханашылар үміттеріңізді үзбеңіздер,биыл болмаса 2014-те болмаса,2050-ге дейін көбейтер.
  25. Шынар
    Кітапхана жұмысы елеусіздеу болып саналғанмен нағыз ізденісті керек ететін жұмыс. бірақ айлығы өте аз, сондықтан жалақысы көтерілсе жақсы болар еді....
  26. Гаухар
    Кітапханашының айлығы 1-шілдеден бастап көтеріледі деп еді ғой, енді қашан көтеріледі?
  27. Күнімкүл қызылорда
    Кітапханашылар айлықтарың көбеймейді.
  28. Сания
    46 000 мың теңге айлық табысым. 14000 кредит бар Астада тұрамын өмір сүру қйындап кетті. ертерек айлықты көтерсе екен. Бізде адам сияқты қыдырар едік. қара шай ішуден шаршадық.
  29. Нагима Жаркент
    кітапханашылардын жумысы нагыз енбек кой Осы неге кітапханашылар кішкене бас көтермейміз бергенін алып жүре береміз бе Бізді елемейді екен онда шу көтерсек мүмкін елейтіндер табылар Жогарыдагыларга бир тиын олар оз карындарынын тойганын гана ойлайтын омбагандар гой: Корупциямен курескен сайын ол удеп бара жатыр оданда сол урлаганша елдын жагдайын ойламайма нестесек болады казак халкы оте жуас ал бирак котерілсе ешкімге бой бермейтін халык.
  30. жаңылхан
    Кітапханашылардың жалақысы шынымен де аз. Оны жоғары жақтағылар да жақсы біледі. Енді айлық жалақы 2014 жылдан бастап көтерілетін шығар. Өйткені жалақыны көбейтеміз дегендеріне 1 жыл уақыт өтті ғой.
  31. Алтынай
    Бізде айлық 2014 жылы қосылады деп күтіп жүрміз. Қосылады деп алып, аяғын жоқ қылды ғой.
  32. индира
    Кітапханашылардың жалақысы қашан өседі? Және кітапханашылар күні нақты қашан заңға ие болады?
  33. Айжан
    Кітапханашы жалақысы өседі ме. Кітапханашылар күні 15 қазан күні.
  34. cара семей.
    Кітапханашылардың жалақысы енді 2014 жылы көтеріледі. Өйткені теңге құнсызданып кетті ғой. Кітапханашылардың өзі аз жалақысы енді ештеңеге жетпей қалады.
  35. Ақайжан құлсарыдан
    Ай құрсын, көпті құдай берсін, жоғарыдағылар бізді алдай береді.
  36. Айман
    Түк те көтерілмейді. Мәдениет министрі тағайындалған кезде, өз аузымен кітапханашылардың айлығы көбейетінін айтқан болатын. Ол айтқан сөз, сол жерде қалды. Оларға қазақ халқының мәдени мұралары мен өткен заман тарихы қызық емес. Жыл сайын кітап қоры азайып, кітапханалар жабылып жатыр.
  37. Фарида
    Шынымен де айтарлықтай. Мектеп кітапханашылардың мектеп педагогтарымен еңбегі бір, ал біздер мектеп кітапханашылары қала бойынша жарты әріптестеріміз тех. персоналға жатады және ең өкініштісі бес жыл сайын өтетін категорияның өзіне бір тиын да төленбейді. Осының бәрі жоғарыда қарастырып бір жүйеге келсек екен.Сол себебтен қазіргі танда жас маман кітапханашылар да жоқ. Жас маман кітапханашының дипломы қолында болғанын өзінде қала мектебінің мектеп кітапханашының 1 ставкамен жұмыс істейтің қызметкердің айлығы 28000. Отбасының жағдайына мүлдем жетпейді төленетін ком. услуга, ипотека, балабақша. Жалақы көтеретініне үмітімізді ұзбейміз.
  38. айсулу
    Шыдаңдар кітапханашылар, бәрі жақсы болады.
  39. Айсара
    Шыдап-шыдап болдық. Енді 2014-те көтермесе қайдам? Үмітімізді үзбейміз.
  40. Ажар
    Қайдағы жалықыны өсирген: 2013 жыл өттіп барады. Ал кітапханашылардың жалақысына ең болмаса 10 пайызыдық ақша болса да қосылған жоқ. Халықты алдауды қашан қоясындар осыыыыыы.
  41. Айгерім Асылхан
    Мен кітапхана мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Иа кынжылтатын мәселелер көп-ақ. Соның ішінде мардымсыз жалақы болғаны жаман. Нағыз мәдениет саласында аянбай қызмететип жүрген кітапханашылардың статус көтеру керек кой. Жалақысын да. Ылғи тоқалдын баласындай дәріне шеттететіндері қалай.Осылай қараса кітапхана саласы қалай дамымақ. Өалай көтерілмек!Мәдениет басқармасындағыларға алтын сырға!
  42. Майса
    Ендігі өскені қай сасқаны бәрі қымбаттап кетті!
  43. Мейрамгул
    Жалақының өскені дұрыс кітапхана мамандығын, жалақы төмендігінен жас буын кітапхана ісі бойынша оқу орынына тапсырмайды. Сондықтан жалақыны өсіру керек.
  44. нұр
    Мен мектеп кітапханасында жұмыс істеймін 0,5 ставкамен мектепте 120 оқушы жалақым 20000 мың жалақыға қосыла ма?
  45. Шолпан
    Кітапханашының жалақысы көбейіді дегеніне міраз уақыт өтті. Бұл айтылған сөзден қортынды шығармаса неге елге жария етті. Кітапханашының жұмысы өте қиын оны істемеген адам білмейді отырып алып кітап оқып отырады дейді. Сол кітапханашылар болмаса жастардың сауатсыздығы көбейер еді. Мұғалім қалай сабақ берсе кітапханашыларда сол оқушыға сабаққа дайындығын жасайды.
  46. Мереке
    Болашақта деген сөз 1-2 жылдың көлемінде болып қалар. Үмітімізді үзбейік әріптестер.
  47. Жаннетта
    Қашан айтқалы кітапханашылардың жалақысы көтеріледі дегені шіркін мәдениет министрлігі осындай азғантай жалақы алса ғой...
  48. Бибігүл
    жоғарыда отырғандар құрғақ уәде беруге мәст.Өздерінің жағдайларын жасап алган.Кітапханашылардың жағдайын қайтсін...
  49. Жанар
    Мен сенемін әріптестер!
  50. Алма
    2014 де келді гой, оныда көрейік
  51. Кулбаршын
    01.01 2014 жылы кітапханашылардың жалақысы өсеме?
  52. гулжан
    кітапханашылар жалақысын ойлайтын жоғарыдағылар өздерінің қалтасы томпақ,сені неғылсын ойлап 2013ж.өтті ғой.
  53. Гуля
    Көбейіп қалар, кітапханашылардың еңбегі нағыз еңбек қой. мен сенемін. Еңбектеріңіз жансын!
  54. Айгул
    Енди айткан уәделерінде тұрып 2014 жылы көтерілсе
  55. Алтынай
    Мұғалімдермен бірдей 4 жыл оқысақ та, әлі күнге дейін алатын жалақымыз мардымсыз болғандықтан, 2014 жылдан бастап еңбекақымыздың көбейетінінен дәмеліміз. Келер жылы көбеймесе, онда мүлдем көбейтпей*-ақ қойсын
  56. Дина
    Әрине, арзымайтын ақшамен кімнің жұмыс істегісі келеді дейсің. 0,5 пен жұмыс істеймз, бірақ жұмысқа 2 мезгіл келесің. Айлығың болса шайлығыңа жетпейді. Ең құрығанда 40000 болса ғой.
  57. Марал
    2014 жылда келіп жетті. Бір жыл тостық ақшамыз көбейеді деп.Біздің еңбегіміз бағаланбайды. Кешке дейін аяқтан тұрасын. Еңбек демалысымыз 1 ай. Ұстаздармен біліміміз бірдей. Дәрежеміз тех.персоналдармен бірдей. .
  58. толкын
    Жаңа жыл құтты жыл болсын! Үмітімізді үзбейік, жалақы өсіп қалар мүмкін бір күндері!
  59. Айсан
    Кітапханашылар үміттеріңді үзбеңдер. 17 Қаңтар күні Жолдау жолданады. Мүмкін сонда көбейтіп қалар.
  60. Жанар
    Құрметті әріптестер! Осы менің сұрағым біз кітапханашылар жалақыны аз аламыз. Тех персоналдын қатарындамыз.Ал неге осы мұғалімдермен бірдей жүреміз? Мысалы мөлтек ауданды аралау? Осы заңды ма жоқ әлде біз үндемейміз сол үшін де көше аралатады ма біздің не қатысымыз бар көшеге? Сол туралы өз пікірлеріңізді айтыңыздаршы. Араласын мұғалімдер олар сағатпен жұмыс істейді ал біз кәдімгі 40- сағат бөлінді болды сол бойынша ғана өз қызметімізді атқармаймыз ба? Сіздерде қалай көше аралата ма мұғаліммен бірдей? Назарларыңызға рахмет! Сіздерден анық жауабын күтеміз көшені араламауға қақымыз бар ма? Ол біздің міндетімізге кірмейді ма?
  61. Молдир
    17 ши қаңтар күні өттіғо жолдау, кітапхана туралы бір ауыз сөз шықпады басқаларға жалақы кқтереді не пайда зат қымбаттайд заттың қымбаттауы Қазақстанның экономикасы да құлдырады дегенді білдіреді салықты да көбейтіп өз қаталарын ойлайт елге керек ештене істеп жатқан жоқ Экспо душин ақшаны сондай жолдармен халықтан жымқырып алып жатыр
  62. Назира
    Кітапхананың айлығы қашан қосылады деп шаршадық. Өтірік әңгіменің керегі не? Ешқашан қосылмайды, қосылса дәл сол кезде қосылатын еді. Алдағанды қойсаңдаршы
  63. айман.
    Кітапханашылар үміттеріңді үзбеңдер. Жалақы көтеріліп қалар.
  64. Серікгүл
    2013-те жалақымыз өседі деп күте-күте болдық, қосалмаса неге бүкіл әлемге жарсалады екен. Бір Аллаға сеніп 2014-тен үміттенейік.
  65. Роза
    Деваливизация болып жатыр қайдағы жалақыны көтерген. Айй осы биліктегілер бар ғой күйдірді халықты. Ішіп жегенді ғана біледі. Кітапханашылардың жалақысын көтермек түгілі бастарын сұғып кіріп көрді ме екен кітапханалардың жағдайын. Биліктегілер түк жұмыс істемейді адал. Тек ішіп-жеп артынан қашу ойлары. Айй қазақ халқы жуас қооой.
  66. феруза
    Мектеп кітапхашыларының айлық табысын есептеушілерді хабардар ету қажет!
  67. Бақыт
    Кітапхана жұмысы өте көп. Әрине жұмысын білген маманға. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына біз жауаптымыз. Кітапханаға келген әрбір оқырман сауалына жауап іздеп, қажеттерін тауып беру, сұраныстарын қанағаттандыру, күнделікті өмірде болып жатқан жаңалықтарды қалт жібермей, көпшілікке насихаттап отыру да кітапхана қызметкерлерінің жұмысы. Толып жатқан есеп беру жұмысы. Одан кейін түрлі шаралар өткізу. Таңғы сағат 9 дан кешкі 18 дейін суық жерде отырғаның. Алған азын-аулақ жалақыңды үйге балаларыңа апарып үстіне жапсырасың ба әлде тамақ әпересің бе? Итшілеген өмір өтіп жатыр ғой.
  68. Гаухар
    Тоса-тоса шаршадық. Бала-шағамызды асырау қиын боп барады. Күте-күте қасқырдан да ұят болды. Балаларымызды әне-міне деп алдаумен келеміз. Шыдамның да шегі болады ғой... жоғарыдағылар аш бала, тоқ баламен ойнамайдының керін қылып отыр ғой.
  69. Айсұлу
    Кітапханшылардың жалақысы кем дегенде 100000 болуы керек.
  70. айгул
    Айлық қосылады деп ешқандай заң шыққан жоқ әріптестер. Жұмыстың бәрі мектеп кітапханаларында. Мұздай жерде 8 сағат отрып, кітаптарды түгендеп, елдің бәрін газет журналға жазып, қанша жұмыс атқарылады. Жоғары жақ оның біреун білмейді. Өйткені олар кітап оқымайды, бізді қайтсын.
  71. шекер
    Кітапханашылардың жұмысы көзге көрінбейтін, рахметі жоқ жұмыс. Мен де әріптестерімнің пікірлеріне қосыламын. Жалақымыздың жартысын жұмысқа саламыз, шара өткізуге, көрнекілік құралдар шығаруға. Жоғарыда отырған біздің жанашырларымыз одан бейхабар. Қашанғы жоғары жақтан жақсы хабар келер деп күтеміз. Бірақ үмітімізді үзбейік кітапхана қызметкерлері.
  72. нурпатиша
    Мен де әріптестерімнің пікірлеріне қосыламын.
  73. Мико
    Осы кітапхана саласында қашан өзгеріс болады екен, айтыңдаршы.
  74. БАГИЛА
    Мектеп кітапханасында қызмет істеген ұнайды. Сондықтан, үмітімді үзбеймін. Сіздердің пікірлеріңізге қосылам. Дариға бастап еді, үнсіз қалды ғой, неге?
  75. Қаншайым
    Біздің ауданымызда айлығымыз 72000 теңге. Жаман емес. Өмір сүруге болады. Алдағы кезден үміт үзбеңіздер, әріптестер.
  76. Айгүл
    72 мың алсақ та шүкіршілік етерміз қалада ондай ақша қайдан.
  77. нұргүл
    72 мың алсақ бізден бақытты ешкім болмаушы еді? Мен жоғары біліммен 42 аламын, әріптестерім орта біліммен 30 алады, масқара емес па? Бір дүкенге кіріп шыққанның өзі 11-12 мың!
  78. айша
    2014 жылдың жарты жылы өтті, Мектеп кітапханашыларын педог-кітапханашы деген статусты қашан беріледі? Айлығымыз мұғалімдермен қашан теңеседі? Еңбек демалысымыз екі ай қашан болады? Ішегіміз ағарды ғой. Айтылған соң берілмей ме. Бізді құлақтандырып аудан орталығынан тамыз айында оқулық тасығанды айтсашы, өз ақшаңа машина жалдап. Мен ауылда тұрамын, 30 км жерден барып әкелемін.
  79. Жанар
    Неге барлық мектеп кітапханашылары бірігіп, министрлікке хат жазбасқа? Расында да ішің ашиды 4 жыл оқып, тех.персоналдың қатарында жүргенге! Педагогикалық университеттің "кітапхана ісі" мамандығын бітіре отырып, не мұғалім емессің. Онда несіне мұғалімдерді дайындайтын оқу орындарында оқытады кітапханашыларды. Америка мен Ресейде кітапханашылар педагог статусында ғой! Кітапханашылар, қашанғы жүреміз осылай? "Айтылған сөз-атылған оқ" демекші жоғарыдағылардың "кітапханашылардың жалақысын көтереміз" деген уәделерін орындауын талап ету керек! Жыламаған балаға емшек жоқ!
  80. сауле
    Құдайдың өлімі ешқашан көтерілдмейді.
  81. жанара
    Кітапханашылардан қайта-қайта өтетін іс-шараларға ақша жинатады. Алатын 30000 мыңның жартысы кітапханада қалады.
  82. самал
    Кітапханада 4 жыл жарты ставкада жұмыс жасаймын, жұмысым өзіме унайды. Бірак жалакысы 20 мыннан аспаит, еден жуушылар бізден жаксы алады енбекті. Жұмыс орнын ауыстыру керек пе, білмеймін. Алған ақшаның жартысы кітапхананың іс-шарасына кетеді, бабаларға сыйлық аласың, мадақтама, кітапшалар, тәттілер бересің. Олай істемесек кітапханаға балалар келмейді де, мемлекеттен сыйлық беруге ақша да бөлінбейт те. Айт айтпа осы сөзімізді ешкім де тыңдамайды да.
  83. Гүлнар
    Өте дұрыс айтасыздар әріптестер, пікірлеріңіздің бәрі орынды.
  84. жанар
    Мектеп кітапханасында 8 жыл жұмыс істедім, енді математика пәні мұғалімі болып өз мамандығым бойынша ауыстым. Осы істеген 8 жылым педагогикалық стажға жата ма, әлде жатпай ма?
  85. Роза
    Айлығымыз аз айлыққа қашан қосылады екен. Қай айда қосылады?
  86. айнур
    Құрметті Жанна Құрманғалиева Сізге көптен көп рахмет! Кітапханашылардың еңбегін бағалап олардың еңбек ақысын көтеру керектігін тілге тиек еткеніңізге. Кітап білімнің қайнар көзі дейді,яғни кітапсыз өмір сүру ХХІ ғасырда мүмкін емес екендігі бәрімізге мәлім. Сондай -ақ кітапханашылардың жұмысы тек қана оқырманға кітап берумен шектелмейді, олар заманға сай іс-шаралар, атап айтсақ тақырыптық кештер, әңгімелер, оқырмандар конференцияларын, кітап көрмелерін ұйымдастыру, оларды сала бойынша бөлу сияқты жұмыстары өте көп. Сол жұмыстарды ескеріп айлығымызды көтеруін естіп, жұмысымыз біраз жеңілдегендей сезімдеміз.Рахмет сізге Жанна Құрманғалиева Барлық кітапханашылардың атынан сізге айтарымыз Алланың нұры жаусын. еңбегіңіздің жемісін көріңіз демекпіз
    Т/Б Байзақ ауданының кітапханашылары
  87. Айнур
    Өте дұрыс қазіргі дамыған заманымызға кітапханашылардың айлығы сай емес, ал олардың атқаратын жұмыстары шаш етектен айтсақ артық емес.
  88. Қарлығаш
    Айлығымыз қашан қослады?
  89. Мейрамгул
    Кітапхана жұмысы көрінбейтін қыл тәрізді. Көп жұмысты атқаратын да кітапхана қызметкерлері. Рухани тәрби беретінде солар. Шаң басқан кітаптардың ортасында оқырман сұранысын орындайтын да солар.Сол кітапханашының денсаулығына қарайтын, мүң мұқтажын айтатын жан жоқ ау шамасы. Қайдан жас ұрпақ кітапхана мамандығын алады. Жалақысы аз жұмысқа барғысыда келмейді. Оқмайтын кісі кітапханада бос отырады деп ойлар.Кітап-адам баласының ақыл-ойын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал. Кітап сенің ақылшың, досың, сырласың. Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие алсаң, өсе келе ер жетіп, мектепке келгенде қолыңа ұстап, білім көзін ашатын,өмір қызығын көрсететін,дүниенің сырын ұқтыратын кілт- кітап екенін білесің. Кітап оқи білу адамның есте сақтау, түсіну, ұмытпау қабілеттерін арттырады. Бұл кітаптар қайдан шығатынын, онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері т.б. сақталатын қол жетпес алтын сандық десек те, артық болмас. Кітапханашыны құрметтейік, жалақысын көтеру мәселесін тиісті жерге жеткізейік.
  90. Нұршат
    Кітапханашылар мұғалімдер үшін қолбала сияқты. Қай пәннен апталық өтеді әйтеуір соның біреуінде кітапханашы міндетті түрде жүреді өз жоспарыңнан бөлек. Тоқсан сайын аудандық білім бөліміне ақпар беру, ай сайын материалдық есепшіге есеп беру т.б. осының бәрі 20 мыңға бағаланғанда ішің ашиды әрине. Бірақ кітапханашы осының бәріне шыдамдылықпен қарайтын сабырлы, қанағатшыл бастысы мәдениетті адам!
  91. Гулнар
    Мен де сенбеймін айлық көтерілмейтін сияқты.
  92. нұржаннат
    Мен ауылдық кітапханада жұмыс істеймін. Жалақым айына 45000 теңге қанағат.
  93. Катерина
    Қашан айлық көбейсе сол күні 7 нан таратайық.
  94. Нурбике 25.112015ж
    2016 жылдан бастап мектеп кітапханашыларының жалақысы нақты қанша есеге өседі? Орташа жалақымыз қанша болады?
  95. galok.66.66
    "Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды" демекші бізге ақша қосқанша өзіміз де аз маз ақшамен зейнеткерлікке шығармыз. Өліп қалмасақ.
  96. Шынар
    Ауыл китапханалары 40 пайыз косылды сонда мектеп кітапханаларына неге косылмайды биз ге мүлде косылмады гой
  97. Сауле
    Қосылды.Әріптестерімнің көбінің сөзінің жаны бар. Тех. персоналдың тізіміңдемін. Мен мектеп кітапханасында жұмыс істеймін. Жоғарғы білім, жоғарғы категорияға қосылған жоқ, тек қана жүмыс істеген жылдарға ғана қосылды.
    Осындай қызықты естіп.көргендерін бар ма?
    Қыздар 8 наурыздарыңызбен! Дендеріне саулық,отбастарына амандық, шығармашылық табыс тілеймін.
  98. Узилхан
    "Китапхана иси" бойынша дипломмен (средный) мектепте айлык жалакы канша осы казирги танда ?
  99. МАДИНА
    КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ АЙЛЫҒЫ ҚАШАН КӨТЕРІЛЕДІ. СТАТУСЫ ДА ТӨМЕН . ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ БОЛА ТҰРА ТЕХ ПРО ЖАТҚЫЗАДЫ НЕГЕЕЕЕЕЕ????
    1. Гулмира
      Мен ауылдык китапханада жумыс истеймин жумыс истегениме 14 жылдан асты сенесиздерме мадениет жактан 0 25штатпен жумыс истеп журмин айта айта шаршадым 5 баланын анасымын
  100. МАДИНА
    қАЗІР СЕНУДЕН ҚАЛДЫҚ.
Біз әлеуметтік желілерде