
Катонқарағай ауданы әкімі Ахметқали Нұрғожиннің айтуынша, аталмыш орталық аудандық аурухананың жанынан ашылмақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес біз биылдан бастап дәстүрлі медицинаны дамытуды қолға алып отырмыз. Мұнда Қытайдағы қазақ медицинасының емдеу тәжірибелері қолданылатын болады. Жалпы, бүгінгі медицинаның түп-тамыры халық емі күмәнсіз. Басқа мысал іздемей-ақ, кәдімгі фитотерапияның түп-тамырын ежелгі дәрілік шөппен емдеуден, ал травматологияның сыншылық өнерінен бастау алғанын айтса да болады, - дейді Ахметқали Нұрғожин.