USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Сотқа өтінішті, шағымды немесе басқа құжаттарды интернет арқылы беруге болады

Сотқа өтінішті, шағымды немесе басқа құжаттарды интернет арқылы беруге болады
Қазіргі жаhандану заманына сәйкес еліміздің сот өндірісінде жаңа технологияларды енгізу және пайдалану бойынша бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асуда. Соның бірі - 2014 жылы іске қосылған «Сот кабинеті» электрондық қызметі.

«Сот кабинеті» - бұл халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуіне мақсатталып жасалған, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе. Ол сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сотқа өтінішті, шағымды немесе басқа құжаттарды компьютер, электронды цифрлық қолтаңба және интернет арқылы тәуліктің кез келген уақытында беру - «Сот кабинетінің» басты артықшылығы. Осы ретте азамат сол сәтте сот (адресат), тараптар, жолдау күні және уақыты көрсетілген құжаттың электронды түрде жіберілгендігі туралы талонды алады.

2016 жылдың он екі айында облыс соттарына түскен 67 446 талап арыздың 66 240-ы, яғни 98,2% «Сот кабинеті» арқылы электрондық түрде жүргізілген. Ал 2015 жылы соттарға келіп түскен талап арыздардың 70%-дан астамы осы электрондық жүйе арқылы қабылданған. Аталған көрсеткіштерді салыстырар болсақ, «Сот кабинетінің» танымалдылығы мен қолданылуы жылдан-жылға артып келе жатқанын білдіреді. Сәйкесінше тұтынушылар саны да өсуде.

Құралай Абдрахманова,
облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде