USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО келесі айда аусыл ауруына қарсы буферлік аймақтан шығарылуы мүмкін

ШҚО келесі айда аусыл ауруына қарсы буферлік аймақтан шығарылуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысы келесі айда аусыл ауруына қарсы буферлік аймақтан шығарылуы мүмкін. Бұл дегеніміз араға төрт жыл салып, сатқымыз келген түлікті өңір аумағынан сыртқа еркін тасымалдауға жол ашылады деген сөз. 8-12 мамыр аралығында облысқа Халықаралық эпизоотикалық бюроның арнайы комиссиясы келіп, осы мәселеге қатысты нақты шешім шығармақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген сөздің аусылға да қатысы бар екен. Анығында, облыстағы аусыл ошақтары баяғыда-ақ түп-тамырымен жойылған. Бұған облыстық ветеринария басқармасы кепілдік беріп отыр. Алайда, оған өзгелерді сендіру оңай-оспақ шаруа болмай тұр. Мамыр айының басында облысқа бір апталық сапармен Халықаралық эпизоотикалық бюроның арнайы комиссиясы келетін болыпты. Аталған топ өңірдегі аусыл дертінің алдын алу шараларын тексеріп, аумақта бірде-бір ошақ қалмағанына көз жеткізуі керек.

Аусылдың алғашқы ошағы 2011 жылы белгілі болған. Онымен тоқтап қалмай, 2012-2013 жылдары тағы төрт ауданнан ошақтар бұрқ ете қалған. Салдарынан 6,1 мың бастан астам ірі қараның, 8,3 мың бас қойдың көзі жойылды. Осылайша, мал шаруашылығы екі миллиард теңгеден астам шығын шекті. Жұқпалы дерт үш жыл қатарынан тыйылмағандықтан, Халықаралық бюро мен министрлік өкілдері біздің аймақты буферлік аймақ ретінде бұғаттап тастаған. Малды аудандардың барлығы қолдағы түлігін сыртқа шығара алмай, талай жоба қаңтарылды да. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Асқар Жакупбаев соңғы төрт жылда буферлік аймақтың кесірінен ондаған миллиард жанама шығын келгенін айтады. Енді сол бұғатты бұзудың мүмкіндігі туып тұр.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде