USD 371.31
EUR 419.32
RUB 5.59
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қайырымдылық марафонына қатысқан өскемендіктер 1500 теңгеден билет сатып алды

Сурет авторы: Манап МұрзатаевӨскемендегі Ертіс өзенінің жағалауында қайырымдылық марафоны өтті. Оған ерікті жастармен қатар зейнеткерлер де қатысты.

Қайырымдылық марафонына қатысуға ниет білдірген 150-ден астам өскемендік 1500 теңгеден билет сатып алды. Аталмыш шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Gentelmen`s Rasing Club» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Камила Ботағамитованың айтуынша, билеттен жиналған ақша бүйрек ауруына шалдыққан бүлдіршіндерді емдеуге жұмсалмақ. Емдеуге келісіп отырған оңтүстіккореялық емханаларда емдеу ақысы мыңдаған еуро тұрады екен.

– «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген сөз бекер айтылмаса керек. Бүгінгі шараға жинаған көпшіліктің тілегі қабыл болып, Амелия Садықова мен Райана Сковородникова науқастарынан тез сауығып кетсе екен. Бұл шараға қатысып, қаржылай қолдау көрсеткен барша өскемендіктерге алғыс айтамыз. Жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын, - дейді Камила Ботағамитова.

Аталмыш марафонға қатысушылар Ертіс жағалауындағы ғашықтар аллеясынан бастап Амфитеатрға дейін екі шақырым жүгіріп өтті.

– Ауа райының суығына қарамастан марафонға қатысып, мұқтаж жандардың қажетін өтеуге атсалысқан жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қолдан келгенше бір-бірімізге көмектесіп, қайырымдылық шараларына бір кісідей атсалысып жүрейік, - дейді Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова.

Қайырымдылық марафонынан түскен 800 мың теңгеден астам қаражат бүйрек ісігіне шалдыққан Амелия Садықова мен Райана Сковородникованың еміне жұмсалды.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде