USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Биылдан бастап ШҚМТУ-да атом өнеркәсібінің мамандары даярлана бастайды

Биылдан бастап ШҚМТУ-да атом өнеркәсібінің мамандары даярлана бастайды
Биылдан бастап облыс орталығында атом өнеркәсібінде жұмыс істейтін мамандар даярлана бастайды. Сонымен қатар, облыс мектептерінде роботтар пайда болады. Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бақылау кеңесінің мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өңірдің сұранысына орай, біз ары қарайғы дамудың бес индустриялық кластерін таңдап алдық. Олар - атомдық және альтернативтік энергетика, тау-кен – металлургиялық сала, машина жасау, құрылыс және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, – деп атап өтті Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов. – Биыл университеттің екі жылға арналған ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту бағдарламасын бастап отырмыз. Мақсатымыз – оқу орнының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру. Сол үшін шетелдік оқытушыларды да шақырып отырмыз.

Университет ғылымға баса мән беретінін үнемі дәлелдеп келеді. Еліміз бойынша ірі техникалық ЖОО-ның бірі саналатын білім ошағында ғылыми зерттеулер жүргізуге толық мүмкіндіктер қарастырылған.

– Меморандум аясында «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-мен «Уран өнімін алудағы инновациялық технологиялар» атты жаңа білім беретін бағдарламаны әзірледік. «Ядролық энергетика үшін материалдар» атом саласы мамандарын даярлауға бағытталған. Бұл бағытта Ресейлік ЖОО-дағы әріптестерімізбен бірлесіп, «Атом өнеркәсібі үшін жаңа материалдар» халықаралық кафедрасын құрып отырмыз. Әрине, үміткерлердің бәрі де бұл салада тегін оқығысы келеді. Сонымен қатар, бұл іске шетелдік студенттерді де тартқан жөн. Сол себепті, ЖОО-ның ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту үшін шамамен 300-дей грант қажет. Ол үшін 400 млн. теңге қаржы қажет, - деді ректор.

– Біз гранттар бөлуге әзірміз, дегенмен, Сіздер де қарап қалмаңыздар, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. – Сіздер қаладағы ірі кәсіпорындармен жұмыс істеңіздер. Яғни, осы студенттердің жүз пайыз жұмыс табатынына кепілдік берулеріңіз керек. Бұдан бөлек, Ресейден 50 студентті оқытуға грант бөлуге дайынбыз. Әрине титанның медицина саласында сындарлы екенін білеміз. Бірақ, оның спекторлық талдамасын жасаңыздар. Өндірісте қолданылатын титан мен стоматологияда пайдаланылатын титанның айырмашылығын анықтаңыздар. Нақты нәтиже болмаса, қолдау да болмайды.

Соған орай, жуырда шетелдік білім алушыларға арналған «Foundation» бағдарламасы іске қосылмақ. Ол үшін қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігіне шетелдіктер үшін 120 грантқа өтінім берілген. РФ, ҚХР және Монғолиямен шекаралас аймақтарда талапкерлерді қабылдау кеңселері ашылмақ.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде