USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде жасалған Lada Largus көліктерінің алғашқы партиясы елордаға жөнелтілді

Өскеменде жасалған Lada Largus көліктерінің алғашқы партиясы елордаға жөнелтілді
Өскеменде жасалған Lada Largus көліктері «EXPO-2017» көрмесіне келген меймандарды таситын болады. «Astana Taxi» инвестициялық жобасы аясында өскемендік көліктердің алғашқы партиясы елордаға жөнеллдтіі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Еліміздің бас қаласындағы «TAXI ZHeBe» және «Автотранс Хозу» таксомоторлық компаниялары «Азия Авто» кәсіпорны ұсынатын бірыңғай такси көліктерінің алғашқы 100 данасын өздеріне қабылдап алды.

«Astana Taxi» жобасының аясында «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы елордада бірыңғай такси қызметін қалыптастыруды қолға алған болатын. Осылайша, ресми жолаушы тасымалдаушылар бір орталыққа біріктіріліп, бірыңғай көлікпен жұмыс істеуі тиіс. Қала тұрғындары мен қонақтары ондай таксиді бірыңғай колл-орталық арқылы немесе мобильдік қосымшаның көмегімен шақыра алады. Бұл қызметке арналған автомобильдердің барлығы алыстан айрықша көзге түсетін біркелкі түске боялатын болады. Ал ішінде таксометр, тегін WI-FI орнатылуы тиіс. Төлем картасымен есеп айырғысы келгендерге POS-терминал ұсынылмақ.

Болашақта бұл таксилерге қаланың барлық бұрышынан меншікті аялдау орындарын дайындау жоспарланған. Ал көшеде бұл таксилер қоғамдық көлікке арналған жолақтармен қозғалатын болады. Такси қызметі мамырдың 7-іне қарай іске қосылуы тиіс.

Аталмыш жоба Мемлекет басшысының Астанадағы такси қызметін реформалау туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда. Өткен жылдың шілде айында «Азия Авто» компаниясы астаналық такси қызметтеріне бірнеше үлгіні ұсынған болатын. Соның ішінде Lada Largus көлігі қауіпсіздік, сыйымдылық, қызмет көрсету және қосалқы бөлшектер шығыны жағынан ең тиімді көлік ретінде бағаланса керек. Олай болатын жөні де бар. Өйткені, аталмыш марка Renault Logan, Renault Duster және Nissan Almera көліктерімен бір тұғырда жобаланып, құрастырылған. Бес және жеті орындық модельдің қауіпсіздік деңгейі EuroNCAP халықаралық бағалау бағдарламасынан сүрінбей өтіпті.

Халықаралық көрме басталғанша, «Бипэк Авто-Азия Авто» компаниялар тобы тағы 200 Lada Largus көлігін ұсынуы тиіс. Ал қыркүйек айына қарай Астанадағы аталмыш маркалы таксилердің саны 600-ге жетуі керек. Бір айта кетерлігі, такси қзметінен табыс тауып отырған астаналық кәсіпкерлер бұл әмбебап көліктерді өз қаражатына сатып алады. Яғни, қаланың такси қызметін реформалау кезінде көлік сатып алуға бюджеттен ешқандай ақша шығындалмайды. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен екінші деңгейлі банктер мұндай кәсіпкерлерге субсидияланған несиелер ұсынып отыр.

-Астана қаласының басшылығы Президенттің бұл тапсырмасын орындаудың оңтайлы жолын ойлап тауыпты. «Даму» қоры жеңілдетілген несие береді, ал «Азия Авто» оларға такси көліктерін арнайы бағамен сатады. Соның арқасында бас қаламыздың тұрғындары мен қонақтары заманауи әрі бірыңғай такси қызметін пайдаланбақ. Біздің көліктер барлық жоғары стандарттарға жауап береді. Еліміздің өзге де өңірлері Астананың бұл бастамасын жалғастырып жатса, қызмет ұсынуға дайынбыз, - дейді «Азия Авто» АҚ президенті Ерік Сағымбаев.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде