USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен қаласының әкімі отбасы жағдайына байланысты қызметінен кетті

Өскемен қаласының әкімі отбасы жағдайына байланысты қызметінен кеттіӨскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев отбасы жағдайына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болып отыр. Сонымен қатар, қала әкімі өзі орнын босту себебін де түсіндіріп берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

-Бұл – отбасылық жағдайға байланысты. 85 жастағы қарт әкем ауырып жатыр, өзімді шаңырақтың кенже ұлы ретінде қиын кезде оның жанында болуды дұрыс деп шештім. Өмір болған соң әр-түрлі жағдайлар болып тұрады, әрқайсымыздың ата-анамыз бар, өскемендіктер мені түсінеді деп ойлаймын. Әрине, бұл оңай шешім емес, алға көп жоспарлар құрылған, оның бәрі рет-ретімен шешім табатынына сенімдімін,-деді Ерлан Аймұқашев.

Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Аймұқашев Өскемен қаласы әкімі қызметіне 2016 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын. Облыс орталығы басшылығына кім келетіні әзірге белгісіз, әкімнің міндетін әзірге қала басшысының бірінші орынбасары Арман Искаков атқара тұрады.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде