USD 371.31
EUR 419.32
RUB 5.59
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үміт балалар үйінің тәрбиеленушісі Ресейдегі "Ты супер!" жобасының финалына аттанды

Үміт балалар үйінің тәрбиеленушісі Ресейдегі "Ты супер!" жобасының финалына аттанды
Өнерсүйер қауымның көзайымына айналып үлгерген «Ты-супер!» тележобасының финалисті, жерлесіміз, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Владислав Лоскутов Мәскеуде өтетін ақтық сынға аттанбас бұрын қуанышымен бөлісіп, журналистер қауымымен кездесті.

Кішкентай кезінен ән айтуға құмар Владислав «Үміт» балалар үйіне небәрі 8 жасында Өскемен қаласындағы мектепке дейінгі арнайы балалар үйінен келген. «Үміт» үйінің ұстаздары оның музыкалық қабілеті мен ерекше дауысын бірден аңғарған. Сөйтіп музыкалық жетекші Ерболат Матабаев оны өзінің вокал студиясына қабылдап, ән өнерінің қыр-сырын үйрете бастайды. Баланың табиғи таланты мен жетекшісінің кәсіби қолдауы көп күттірмей өз нәтижесін берді. Бүгінде Владислав көптеген халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивальдардың жүлдегері.

НТВ арнасының «Ты-супер!» телешоуына қатысып жүрген Владислав жоба финалистерінің ондығына енді. Әр елден 92 өнерпаз қатысқанын ескерсек, мұның өзі үлкен жетістік. Владислав ертең жоба финалының түсірілімі өтетін Мәскеуге жол тартпақ. Ал, 26 мамырда Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

«Ты-супер!» - НТВ арнасының қоғамдық маңызы бар бірегей жобасы. Олай дейтініміз, жоба бала күнінен тағдыр талқысына түсіп, қиын жағдайда қалған жеткіншектердің өмірін өзгертуге мүмкіндік береді. Мемлекет қарамағындағы дарынды балалардың шығармашылық қабілетін бүкіл әлемге паш етуге жағдай жасайды. Жобаға ТМД елдеріндегі балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының 7-18 жас аралығындағы талантты өнерпаздары қатысуда.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде