
Банкоматтан операция жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек?
– Ең алдымен банкоматтың карточка қабылдағышына карточкадағы ақпараттарды оқу үшін алаяқтар орнататын құрылғының (скиммер) жоқтығына көз жеткізіңіз. Бұл карточка қабылдауға арналған дөңес жапсырма пластик сияқты нәрсе,-дейді «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Николай Нечепуренко
Жапсырма пернетақтаның жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Алаяқтар оны банкомат пернетақтасының бетіне орнатып, карточканың ЖСН-кодын терген кезде жазып алу үшін пайдаланады.
Сонымен бірге, алаяқтар шағын бейнекамералар орнатып қоюы мүмкін. Сондықтан төңіректе ешкім болмаған жағдайда да ЖСН-кодын енгізу жолын қолыңызбен көлегейлеп тұрыңыз.
Егер Сіз банкомат үстінен орнатылған скиммерді, жапсырма пернетақтаны немесе сол маңайда жүрген сезікті адамдарды байқап қалсаңыз, бұл туралы банкке 8 (727) 2590-777, 8-8000-800059 телефондары арқылы дереу хабарлауды сұраймыз. Басқа өңірлер үшін қоңырау соғу тегін.