USD 369.98
EUR 428.7
RUB 5.64
Русский Қазақша
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да ең үздік жол-патрульдік инспекторы анықталды

Ержан Нұрахметов
Қазақстан полициясының құрылуына 25 жыл толуына орай облыста үздік жол-патрульдік полициясы инспекторы анықталды. Жарысқа облыстық жергілікті полиция қызметінің саптық бөлімшелерінің 20 өкілі қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жол-патрульдік полиция инспекторлары арасындағы жыл сайынғы «Үздік маман» кәсіби шеберлік жарысы Өскемен қаласында өткізілді. Облыстық жарысқа қатысушылар алдымен қалалық және аудандық бөліністерде іріктеуден өтті.
Жеті кезеңнен тұратын жарыс бағдарламасы өте мазмұнды болды. Қатысушылар жол жүрісі қағидаларынан білімін, алғашқы медициналық көмек көрсету, көлікті мәнерлеп жүргізу, жол қозғалысын реттеу шеберліктерін көрсетті. Оған қоса қарудан ату және денешынықтыру даярлығы, нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі бойынша сынақ тапсырды.
Жарыс қорытындысы бойынша саптық бөлімшелері арасында «Үздік маман» болып облыстық ІІД ЖПҚ ЖППБ қызметі инспекторы Ержан Нұрахметов атанды. Полиция аға лейтенанты Ербол Даиров пен полиция лейтенаты Қуат Асубаев сәйкесінше екінші және үшінші орынды иеленді. Жеңімпаз Шығыс өңірінен жол-патрульдік полиция қызметкерлері арасынан «Үздік маманды» таңдау бойынша республикалық жарысқа қатысу құқығына ие болды. Айта кетерлігі, өткен жылғы республикалық байқауда облыстық ІІД өкілі, полиция лейтенанты Жеңіс Дуанов үздік шыққан болатын.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде